Білім берудегі жаңа мүмкіндіктер: Ақтоғай педагогтерінің тәжірибесі
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында «Жаңа оқу жылы: ауылдық және шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері мен басым бағыттары: жасанды интеллектіні тиімді қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім сапасын арттырудың тиімді тетіктерін айқындау, педагогтердің жасанды интеллект құралдарын оқу-тәрбие үдерісінде тиімді әрі қауіпсіз қолдану құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелермен бөлісу.
Семинар аясында педагогтер үш секция бойынша жұмыс жүргізді:
- Қоғамдық-гуманитарлық пәндер
- Жаратылыстану-математикалық пәндер
- Бастауыш әскери даярлық
Секциялар барысында ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, педагогтер заманауи оқыту әдістері мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін сабақта тиімді қолдану тәжірибелерін ұсынды.
Семинар педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және ауылдық мектептердегі білім сапасын арттыруға бағытталған мазмұнды алаң болды.
Загрузка...