Мектепке дейінгі жастағы балаларды заманауи психологиялық диагностикалау: «проблемаларды» іздеуден тұлғаны түсінуге дейін

29 қыркүйекте  Өңірлік психологиялық қолдау орталығында Павлодар облысының мектепке дейінгі ұйымдарының педагог-психологтерінің сараптамалық отырысы өтті.

Кездесуде балаларды психологиялық диагностикалау тәсілдерін жаңарту және диагностиканы формалды рәсім емес, әр баланы қолдаудың тиімді құралына айналдыру мәселелері талқыланды.

Қазіргі тәсілдің басты ерекшелігі – баланы таңбалаудан және тек «проблемаларын» іздеуден бас тартып, оның күшті жақтары мен ішкі әлеуетін анықтауға назар аудару.

Мамандардың айтуынша, баланың даму ерекшеліктерін бір ғана әдістеме арқылы толық бағалау мүмкін емес. Сондықтан психологиялық тестілеуді мақсатты бақылау, еркін әңгімелесу, шығармашылық жұмыстарды талдау және ата-аналар мен тәрбиешілердің кері байланысымен ұштастыру маңызды.

Отырыста бақылау-бағалау сипатындағы диагностикалаудан дамытушы диагностикаға көшу қажеттігі атап өтілді.

Қатысушылардың практикалық әзірлемелері өңірдің мектепке дейінгі ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған жаңартылған әдістемелік ұсынымдарға енгізіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий