ӨНЕРГЕ ЖОЛ АШҚАН ҰСТАЗДАР – ҚАЙЫРЖАНОВТАР ОТБАСЫ

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында өнерді өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырып, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген өнегелі отбасылардың бірі – Қайыржановтар жанұясы.

Отағасы Қайыржанов Данат Қайыржанұлы – Ақтоғай балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі. Бір кездері осы мектепте домбыра үйренген шәкірт бүгінде өзі білім алған қара шаңырақта жас ұрпаққа ұлттық өнердің қыр-сырын үйретіп жүрген білікті ұстаз.

Ал отбасы анасы Уюкбаева Айдана Жұмабаевна – прима-қобыз сыныбының мұғалімі. Ол қобыздың сырлы үнін шәкірттеріне жеткізіп, олардың музыкалық қабілетін шыңдап, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып келеді.

Қайыржановтар отбасының өнерге деген сүйіспеншілігі өз балаларынан да көрініс табуда.

«Музыкалық жанұя – 2025» облыстық байқауында отбасы І орын иеленді.

Үлкен қыздары Айзада – «Алтын қазына» облыстық байқауының жүлдегері.

Аяжан – «Ақшағала» республикалық хореографиялық байқауының жүлдегері.

Айша – «Жаңа жылға арналған Аяз атаның шытырман оқиғалары» республикалық байқауының жүлдегері.

Қайыржановтар отбасы үшін өнер – тек хобби емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тәрбие мен тағылымның өзегі.

Олар өз балаларын өнерге баулып қана қоймай, шәкірттеріне де ұлттық өнердің қадірін үйретіп, әр баланың бойындағы талантты танып, оны дамытуға жол ашып келеді.

Ұстаздық пен ата-аналық тәрбиені, өнер мен ұлттық құндылықтарды бір арнаға тоғыстырған Қайыржановтар отбасы – өнегелі жанұяның жарқын үлгісі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий