TOU-да «Күміс университет» жобасы жалғасуда

Торайғыров университетінде «Күміс университет» білім беру жобасын іске асыру жалғасуда. 2026–2027 жаңа оқу жылында жобаға қатысушылар білім алуға, заманауи дағдыларды меңгеруге, өз қызығушылықтарын дамытуға және пікірлес жандармен араласуға қайта мүмкіндік алды.

Жоба 50 жастан асқан азаматтарға арналған. Қатысушылар өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне қарай оқу бағыттарын өздері таңдайды.

Биылғы оқу жылындағы бағдарлама білім беру курстарын, практикалық шеберлік сабақтарын, клубтық кездесулерді, шығармашылық және зияткерлік іс-шараларды, сондай-ақ спорттық-сауықтыру бағыттарын қамтиды. Негізгі бағыттардың қатарында тіл үйрену, цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект, шығармашылық, спорт және басқа да практикалық пәндер бар.

Жаңа оқу жылының ашылуында қатысушыларға алдағы оқу бағдарламасы таныстырылды. «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект дағдылары» және «Ағылшын тілі» курстарының түлектеріне сертификаттар табысталды.

Кездесу «Бір сөздің тарихы: қазақ тіліндегі қызықты сөздер» атты шеберлік сабағымен жалғасты. Қатысушылар қазақ тіліндегі жекелеген сөздердің тарихы мен ерекшеліктерімен танысты.

«Серебряный университет – Күміс TOU» жобасы аға буын өкілдерінің білім алуына, жаңа дағдыларды меңгеруіне және өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін білім беру және коммуникациялық ортаны одан әрі дамытып, олардың университет өміріне белсенді араласуына жағдай жасауда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий