Бағалаудың жаңа тәсілдері: педагогтер мен оқушылар пікірі

Биылғы оқу жылынан бастап бастауыш сыныптарда білімді бағалаудың жаңа тәсілдері қолданылуда. Астана қаласының Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі мен №117 Келешек мектебінің педагогтері мен оқушылары диктант, мазмұндама, шығарма және бақылау жұмыстары жайлы пікірлерімен бөлісті.

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңейіп келе жатқан кезеңде оқушылардың базалық дағдыларын дамытуға ерекше мән беріледі. Сауатты жазу, мәтінді түсініп оқу, өз ойын жүйелі жеткізу және ақпаратты өз бетінше талдау – сапалы білімнің негізгі дағдыларының бірі.

Диктант, мазмұндама, шығарма және бақылау жұмыстары оқушылардың жазу дағдысын ғана емес, оқуға деген қызығушылығын, мәтінмен жұмыс істеу мәдениетін, шығармашылық ойлауын және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий