Мұғалімнің жедел әрекеті оқушының өмірін сақтап қалды

Оқушы мектепке келмеді. Мұғалім үшін бұл жай ғана сабақтан қалу емес, шұғыл әрекет етуді қажет ететін белгі болды.

Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №13 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кутлиярова Руфина Ильясовна оқушыларының сабаққа қатысуын күн сайын бақылап отырады. Қыстың бір күнінде шәкірттерінің бірі мектепке келмеді. Педагог баланың жоқ екенін бірден байқап, күтпестен іздеуге шықты. Баланы мектепке баратын жолдан және жақын маңдағы аулалардан іздеді.

Көп ұзамай ашық жатқан құдық табылды. Баланың мектепке бара жатқан жолда сүрініп, құдыққа құлап кеткені анықталды. Ол суықта үш сағатқа жуық уақыт сонда болған. Баланы дер кезінде тауып, құдықтан шығарып, жедел жәрдем шақырылды.

Педагогтің кәсіби жауапкершілігі кейде сабақтағы біліммен өлшенбейді. Ол – баланың жағдайындағы өзгерісті дер кезінде байқап, алаңдататын белгіге бейжай қарамай, қажет сәтте шешім қабылдай білу.

Сол күні мұғалімнің мұқияттығы баланы дер кезінде тауып, өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий