Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған аудандық семинар

Павлодар облысы Железин ауданы білім беру бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 30 қыркүйекте № 2 ЖОББМ базасында “Әдістемелік- нұсқаулық хат жоспарлау құралы ретінде» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар модераторы- АӘК әдіскері Н. Битенова. Семинар Железин ауданы мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің тәжірибесімен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар спикері-Дерунова Екатерина Николаевна, №2 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша философия (PhD)  докторы өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті, білім беру мазмұны мен оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді, 2026-2027 оқу жылындағы жұмыстың басым бағыттарына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Е. Н. Дерунова семинар қатысушыларының назарына “Мектеп ғылыми жобасының конструкторы” мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықты ұсынды. Мұғалімдер үшін оқушыларды жобалық қызметке дайындау бойынша мастер-класс өткізілді. Семинар өте нәтижелі және өзекті болды. Барлық қатысушылар көптеген пайдалы ақпарат алды. Семинар материалдарын Е. Н. Дерунова барлық әріптестеріне, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне электронды түрде таратты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий