«Эмоционалдық интеллект іс жүзінде»

Павлодар облысының Өңірлік психологиялық қолдау орталығының бастамасымен облыс мектептерінде авторлық «PROСессия» жобасы іске қосылды.

Жобаның негізгі мақсаты – эмоционалдық интеллект пен soft skills дағдыларын дамыту, психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ өзін-өзі реттеу мен өзара әрекеттесудің тиімді тәжірибелерін мектеп өміріне енгізу.

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде жобаның үшінші сабағы өтті. Оған Екібастұз қаласы мен Шарбақты ауданы мектептерінің педагог-психологтері  қатысты.

Көптеген қатысушылар үшін теориялық бөлім ерекше пайдалы болды. Педагог-психологтер өздерінің эмоционалдық интеллект саласындағы құзыреттерін жетілдірді, себебі дәл осы мамандар өз мектептерінде аталған жүйені енгізуге жетекшілік ететін болады.

Кездесу барысында жоба қатысушылары жұмыс барысында белсенді қолданылатын практикалық жаттығулармен танысты. Кездесу еркін пікір алмасу және белсенді диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан көптеген оң пікірлерге ие болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий