Цифрлық трансформация жағдайындағы білім беру: инновациялар, құндылықтар және жаңа әдістемелер

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты және «Kreativti Qazaqstan» Халықаралық ғылыми-әдістемелік орталығы 08.10.2026-09.10.2026 онлайн және офлайн форматта «Цифрлық трансформация жағдайындағы білім беру: инновациялар, құндылықтар және жаңа әдістемелер» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты: Цифрлық трансформация жағдайындағы білім берудің заманауи үрдістерін талқылау, инновациялық технологиялар мен жаңа әдістемелерді тиімді қолдану жолдарын айқындау және білім берудегі ұлттық құндылықтарды дамыту тәжірибесімен бөлісу. Семинарға қатысқан барлық ғалымдар мен педагогтерге сертификат табысталады. Семинарға шетелдік және Отандық ғалымдар, педагогтер және жас зерттеушілер Республикамыздың барлық аймағынан  тіркеліп үлгерді. Халықаралық шараға қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Мәрия Жұмақожақызы,
«Kreativti Qazaqstan» Халықаралық

ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий