Қазақстандық студенттер түрлі саладағы міндеттерді шешуге арналған жасанды интеллект агенттерін әзірлеп жатыр

Елордасында бүгін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы бастау алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелүлы Тоқаев арнайы қатысып сөз сөйлеген бұл ауқымды іс-шараға жүзден астам елден жиырма мыңға жуық осы саланың мықты мамандары мен кәсіби сарапшылар шақырылған.

 

Astana 1Т University-індегі арнайы көрмеге жиналғандар түстен кейін осы форумның шеңберінде AI-SANA бағдарламасы аясында жиырма отандық жоғары оқу орындарының студенттері тарапынан әзірленген жаңа жобаларды тамашалады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Astana 1Т University-інің ректоры Альтаир Ахметов және тағы да басқа мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, осы тақырып аясындағы ойларын ортаға салды.

– Биыл бағдарламаның екінші кезеңі басталды. Оның аясында студенттеріміз жасанды интеллект агенттері деп аталатын жүйелерді тереңірек әзірлеуге үйреніп жатыр. Бүгін сол агенттердің бірқатар үлгісі таныстырылды. Олар ауыл шаруашылығынан бастап білім беру, денсаулық сақтау және өнеркәсіп салаларына дейінгі кең ауқымды қамтиды, – деді бейіндік ведомстваның жетекшісі.

Бірегей бағдарламаның екінші кезеңінде студенттердің жасанды интеллект негіздерін меңгеруден нақты шешімдер әзірлеуге көшкені айрықша атап айтылды. Бұл жүздесу шеңберінде осы салаға маманданған екі іргелі ұжым басшысы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойып, ортақ мақсатта бірлескен жүмыстарды тереңдетуге уағдаласты. Осы және басқа да маңызды мәселелер қамтылған көлемді мақаланы апталық газетіміздің келесі жаңа санынан тоық оқып, таныса аласыздар.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий