Торайғыров университеті АҚШ-тың Rutgers University профессорымен ынтымақтастықты дамытады
Торайғыров университетінде университет басшылығы халықаралық сарапшы, InnovAito LLC компаниясының президенті, АҚШ-тың Rutgers University профессоры Дипанджан Нагпен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында қонаққа университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми және инновациялық жобалары таныстырылды. Тараптар жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, стартаптарды дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу бағыттарындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Профессор DJ Nag-тың халықаралық тәжірибесі өз технологиялық жобаларын құруға және дамытуға қызығушылық танытатын студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас зерттеушілер үшін ерекше маңызға ие. Сарапшының кәсіби тәжірибесінде 80-нен астам стартапты құруға қатысу және АҚШ-тың университеттік инновациялық экожүйелерінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
Профессор Наг Rutgers University-де 15 жылдан астам уақыт бойы зияткерлік меншік стратегиясы мен келіссөздер жүргізу пәндерінен сабақ беріп келеді. Сонымен қатар Жапония, Болгария және Португалия университеттерінде жұмыс тәжірибесі бар. Бұл тәжірибе алдағы уақытта TOU студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына арналған бірлескен дәрістер, сараптамалық сессиялар, консультациялар және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Сапар аясында профессор DJ Nag Торайғыров университетінің AI Laboratory зертханасына барып, жасанды интеллект, цифрландыру және инновациялық әзірлемелер бағытындағы жобалармен танысты. Сондай-ақ Tomorrow School-ға барған кезде қонақтарға университет базасында жұмыс істейтін жасанды интеллект мектебі мен peer-to-peer оқыту моделі таныстырылды.
Бұдан бөлек, профессор университеттің ауыл шаруашылығы ғылымдары және инженерия факультеттерінің зертханаларын аралап, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысты.
Алдағы уақытта тараптар ынтымақтастықты бірнеше бағыт бойынша дамытуды қарастырып отыр. Олардың қатарында жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, бірлескен ғылыми зерттеулер, технологиялық кәсіпкерлік пен стартаптар, зияткерлік меншік, сараптамалық тәжірибе алмасу және білім беру бастамалары бар.
Бұл бағыттар Торайғыров университетінің халықаралық серіктестігін одан әрі нығайтып, тәжірибеге бағытталған инновациялық жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
Загрузка...

