TOU-ДА «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» АЯСЫНДА ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Торайғыров университетінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенттерімен «Өмірді өзгертетін тәуелділік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» бағыты аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге көпжылдық тәжірибесі бар дәрігер-нарколог Ләззат Бақтыбаева және Павлодар қаласы Полиция басқармасының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Айбек Алқанбек қатысты.

Мамандар студенттерге тәуелділіктің алдын алу, оның адам денсаулығы мен өмір сапасына кері әсері, сондай-ақ психобелсенді заттарды қолданудың ықтимал салдары туралы түсіндірді. Сонымен қатар өз денсаулығына саналы түрде қараудың және жастар арасында тәуекелді мінез-құлықтың алдын алудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесудің мақсаты – студенттердің тәуелділіктің салдары туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий