Заң және тәртіп – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз

Павлодар облысы Ақсу өңірінің барлық мектептерінде «Адал азамат» және «Заң және тәртіп» бағдарламалары аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған облыстық бірыңғай профилактикалық күн өтті.

Іс-шараға прокуратура, полиция, денсаулық сақтау саласының өкілдері, педагог-психологтар және Даналық мектебінің өкілдері қатысты.

Күннің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге, жауапкершілікке, адалдыққа және қауіпсіз мінез-құлыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында 1–11 сынып оқушылары үшін жас ерекшеліктеріне сай құқықтық кездесулер, профилактикалық әңгімелер, тренингтер, викториналар, шығармашылық және спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Оқушыларға құқық пен міндет, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, жол және жеке бас қауіпсіздігі, салауатты өмір салты тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар «Адалдық – адамдықтың белгісі» шығармашылық конкурсы, «Дос болайық – бірге болайық» диалог алаңы, «Дені сау ұрпақ – мықты мемлекет!» спорттық эстафетасы мен волейбол турнирі өтті.

Маңызды бөлімдердің бірі – прокуратура өкілдерімен өткен «Заң және тәртіп – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз» диалог алаңы. Оқушылар құқықтық сауаттылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өз сұрақтарына жауап алды.

Бірыңғай профилактикалық күн жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңды құрметтеуге және жауапты, адал азамат болып қалыптасуына бағытталды.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий