ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІ «ҚАЗХРОММЕН» ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Торайғыров университетіне жұмыс сапарымен «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ бас директоры Ержан Абдулабеков келді. Сапар аясында университет басшылығымен кездесу өтіп, жоғары білім беру жүйесі мен өнеркәсіп саласы арасындағы өзара іс-қимылды дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесуге «Қазхром» ТҰК» АҚ персонал және корпоративтік мәдениет жөніндегі директоры Нұрлан Тасимов пен Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Мұсабек Макашев қатысты. Университет тарапынан кездесуді Басқарма төрағасы – ректор Нұрлан Медетов жүргізіп, оқу орнының мүмкіндіктері мен материалдық-техникалық әлеуеті туралы баяндады.

Сапар барысында қонақтар Tomorrow School қызметімен және университетті цифрландырудың негізгі бағыттарымен танысты. Сонымен қатар делегацияға бағдарламалау және ЧПУ станоктарында модельдеу зертханасының, сондай-ақ металлургиялық процестер зертханаларының мүмкіндіктері таныстырылды. Аталған зертханаларда инженерлік бағыттағы болашақ мамандардың практикалық даярлығына ерекше көңіл бөлінеді.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі білім беру бағдарламаларын кәсіпорынның қажеттіліктеріне бейімдеу болды. Университет компанияның сұраныстары мен өнеркәсіп саласының өзекті талаптарын ескере отырып, білім беру траекторияларын түзетуге және жаңа бағдарламалар әзірлеуге дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде «Қазхром» өкілдері университетпен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін растады. Ықтимал өзара іс-қимыл бағыттарының қатарында студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру, компания мамандарын білім алушылармен кездесулерге тарту және білім беру бағдарламаларын бірлесіп қаржыландыру мәселелері бар. Бұдан бөлек, тараптар университет аумағында компанияның тақырыптық аймақтарын безендіру және құру мүмкіндігін талқылады.

TOU мен «Қазхром» арасындағы ынтымақтастық білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға және өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарына қажетті мамандар даярлауға бағытталған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий