EKIBASKET — Қазақстан чемпионы!

Екібастұздық EKIBASKET қыздар командасы баскетболдан Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. 7–15 қазан аралығында Қызылордада 2012–2013 жылы туған қыздар арасында өткен республикалық жарыста команда үздік нәтиже көрсетті.

Команданың негізгі құрамын №10 орта мектептің оқушылары құрайды. Сондай-ақ ұжым сапында №11 және №18 мектептердің баскетболшылары бар. Қазақстан чемпионы атанғандар: команда капитаны Анастасия Суслова, Лиана Фарзалиева, Элина Абикеева, Камилла Омарбекова, Алана Назым, Ангелина Неупокоева, Диана Беляч, Іңкәр Қабылда, Самира Коваш және Ясмин Шамран. Команданың жаттықтырушысы — Азамат Абикеев. Турнирдің үздік ойыншысы атағына Ангелина Неупокоева ие болды.

Бұл жеңістің артында үш жылдық бірлескен жаттығу, жарыстардағы тәжірибе және командалық ойынды жетілдіруге бағытталған жүйелі еңбек тұр. 2025 және 2026 жылдары EKIBASKET Павлодар облысының чемпионы атанды. Ал 2026 жылы 7–8-сынып оқушылары арасындағы Ұлттық мектеп лигасының Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті.

«Баскетболда бір ғана талант жеткіліксіз. Тәртіп, өзара қолдау, зейінді сақтай білу және күресті соңына дейін жалғастыру маңызды. Бұл жеңіс — бәріміздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі. Әр қыз ортақ жеңіске өз үлесін қосты», — дейді команданың жаттықтырушысы Азамат Абикеев.

EKIBASKET командасының жеңісі — Екібастұз спортының жетістіктер қоржынына қосылған тағы бір республикалық алтын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий