Облыстық «Ақберен» өнер байқауының қорытындысы

Павлодар облысы білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 14 қазанда 8-11 сынып оқушыларының арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Шараға 9 аудан, 3 қала және 13 мамандандырылған мектептен 98 оқушы қатысты.

Байқаудың мақсаты – қазақ тілі мен ұлттық өнерді құрметтейтін, шығармашылық ойлайтын, ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау.

Байқау келесі алты номинация бойынша өткізіледі: 1. «Шешендік өнер және сөз сайысы»; 2. «Көркемсөз оқу өнері»; 3. «Эссе жазу және әдеби ойлау»; 4. «Ұлттық аспапта орындау»; 5. «Ақындар айтысы»; 6. «Ақындар мүшәйрасы».

Сайыс қорытындысында 41 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыс білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды: І дәрежелі дипломмен – 6, ІІ дәрежелі дипломмен – 14, ІІІ дәрежелі дипломмен – 21, құрмет грамотасымен – 11.

«Шешендік өнер және сөз сайысы» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен – Шарбақты ауданы Хмельницкий мектебінің 11-сынып оқушысы Азамат Каусар (мұғалімі Болатбек Шынаргүл);

«Көркемсөз оқу өнері» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен –Павлодар қаласы №47 мектебінің 11-сынып оқушысы Хамитова  Амина (мұғалімі Асылбекова А.М.);

«Эссе және әдеби ойлау» бағыты бойынша І дәрежелі дипломға – Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 10-сынып оқушысы Алпысбай Айару (мұғалімі Есенгожина А. Е.);

 «Ақындар мұшәйрасы» І дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің  11-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт (мұғалімі Кожанова Н.А.);

«Ұлттық аспапта орындау» бағытында І дәрежелі дипломға –  дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы Қорабай Әнуар (мұғалімі Алпысбаева А.Ж.);

«Ақындар айтысында» І дәрежелі дипломды –дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 10-сынып оқушысы  Сапарғали Шұғыла (мұғалімі Айтказина Н.О.);

Облыстық кезең жеңімпаздары 2026 жылғы 8-10 қараша аралығында өтетін республикалық «Ақберен» байқауына қатысады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий