Буллинг мектептен бастала ма, әлде үйден бе?
Бала мектепте біреуді мазақтап, кемсітіп немесе әлсіз баланы әдейі шеттетсе, біз көбіне мектептегі тәртіпке назар аударамыз. Бірақ баланың өзгеге қалай қарайтынының алғашқы үлгісі үйде қалыптасады. Бала үйде үлкендердің бір-бірімен қалай сөйлесетінін, өзгеге деген қарым-қатынасын, ашуын қалай білдіретінін көріп өседі. Егер агрессия, кемсіту, мазақтау қалыпты нәрсе ретінде қабылданса, бала оны сыртқы ортада қайталауы мүмкін.
Әрине, буллингтің себебін тек отбасынан іздеу дұрыс емес. Оған мектеп ортасы, құрдастар арасындағы қарым-қатынас, баланың жеке ерекшеліктері де әсер етеді. Сондықтан буллингтің алдын алу мектептен ғана емес, үйдегі тәрбиеден, үлкендердің өз әрекетінен басталады.
Ал сіз қалай ойлайсыз: буллинг мектептен бастала ма, әлде үйден бе?
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Загрузка...