Павлодарда теміржол саласының бірегей оқу-өндірістік полигоны таныстырылды

Жоғары электроника және коммуникациялар  колледжі базасында білім алушылардың кәсіби дағдыларын өндірістік жағдайларға барынша жақындатылған ортада қалыптастыруға бағытталған бірегей оқу-өндірістік полигонның таныстырылымы өтті.

Бұл заманауи білім беру нысаны — Павлодар өңіріндегі теміржол саласының толық инфрақұрылымымен жабдықталған жалғыз алаң. Оқу-өндірістік орталығы теміржол мен бағыттамалы бұрманы, жылжымалы құрамды, дабыл беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелерін, жол төсемінің конструкцияларын, сондай-ақ телекоммуникациялық байланыс желілерін қамтиды.

Алаңның ашылуы арқасында студенттер оқу процесі барысында шынайы жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын дамытып, практикалық шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.

Жоба колледждің әлеуметтік серіктестерінің, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы —«Магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі»  белсенді қолдауымен жүзеге асырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий