«ҰСТАЗҒА СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН!» — ІЗГІ ЖОБАМЫЗДЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРАЙЫҚ! ❤️

Достар! Баршаңызды жүрекке жылу сыйлайтын, тағылымы мол «Ұстазға сүйіспеншілікпен!» атты жобамызды қайта жандандыруға шақырамыз!

Бұл — алғыс пен құрметке, аяулы ұстаздарымыз бен алтын ұя мектебімізге деген сағынышқа толы ерекше жоба.

Жобаның идеясы қарапайым, бірақ мағынасы терең!

Әрқайсымыздың өмірге қанат қақтырған алтын ұя мектебіміз бар. Арада қанша жыл өтсе де, жүрегімізде сақталған сүйікті ұстазымыз бар. Олардың айтқан ақыл-кеңестері, берген білімі, тіпті кейде жасаған ескертулері де өмір бойы жадымызда қалады.

Ендеше, неге сол аяулы жандарға алғысымызды білдірмеске? Жай сөзбен ғана емес, нақты бір игі іспен!

Өзіңіз білім алған мектебіңіз, сүйікті ұстазыңыз, балалық шақтың ең шуақты кезеңі — мектеп жылдары туралы шағын естелік жазыңыз. Оған фотосуреттеріңізді қосып, редакциямызға жолдаңыз.

Біз сіздің естелігіңізді «Білімді ел – Образованная страна» газетінің сайтындағы «Ұстазға сүйіспеншілікпен!» атты тұрақты айдарымызда жариялаймыз. Ал ең әсерлі, жүрекке жылы тиетін естеліктерді газеттің баспа нұсқасына да шығарамыз!

Бірақ жобамыздың тағы бір тамаша ерекшелігі бар.

Сіз өз алғысыңызды ерекше сыйлықпен жеткізе аласыз — сүйікті ұстазыңызға немесе туған мектебіңізге «Білімді ел» газетінің 2027 жылға арналған бір жылдық жазылымын сыйлайсыз!

Ал біз сізге ұстазыңыздың аты-жөні немесе мектебіңіздің атауы жазылған әдемі атаулы сыйлық сертификатын дайындап береміз. Оны өзіңіз табыстай аласыз немесе алыстағы ұстазыңызға жолдай аласыз.

Елестетіп көріңізші: келесі жылы апта сайын пошта қызметкері сүйікті ұстазыңызға немесе туған мектебіңізге «Білімді ел» газетінің жаңа санын жеткізіп тұрады!

Ал газет беттерінде еліміздің білім беру саласындағы жаңалықтар, ұстаздардың жетістіктері, озық педагогикалық тәжірибелер, тың идеялар мен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әріптестерінің табыстары жарияланады.

52 апта бойы үзілмейтін ықылас, алғыс пен жылы естелік!

Меніңше, бұдан артық қандай сыйлық болуы мүмкін?! Кезекті бір қорап кәмпит немесе гүл шоғынан әлдеқайда ерекше әрі пайдалы сыйлық емес пе?! 😊

Өткен жылдары бұл жобамызға қаншама тамаша, жүрегі кең, ізгі ниетті жандар қатысты!

Бірі алғашқы ұстазы туралы жазса, енді бірі мектебінің директорын еске алды. Ал кейбірі өмірлік жолын таңдауға ықпал еткен, тағдырына ерекше із қалдырған мұғалімдері туралы сыр шертті.

Тіпті тұтас ұжымдар да қатысты! Ең қызығы, қатысушылар бұл игі бастаманы достарына, әріптестеріне, таныстарына эстафета ретінде жолдап, оларды да ұстаздарына алғыс айтуға шақырды.

Ендеше, осы әдемі дәстүрді бірге қайта жаңғыртайық!

Өйткені алғыстың ескіру мерзімі жоқ!

Мектеппен қоштасқанымызға 20, 30, тіпті 40 жыл өтсе де, ұстаздарымыз үшін шәкірттерінің өздерін ұмытпағанын, құрметтейтінін, жақсы көретінін білу — үлкен бақыт!

Жобаға қосылыңыздар! Естеліктеріңізді жазыңыздар, фотосуреттеріңізбен бөлісіңіздер, достарыңызға эстафета жолдаңыздар!

Ал біз жобаның әрбір жаңа қатысушысы туралы оқырмандарымызға таныстырып, естеліктерін жариялап, бірге ұстаздарға деген алғыстың шынайы шежіресін жасаймыз!

2027 жылы Қазақстанның мүмкіндігінше көп мектебі мен ұстазы өз түлектерінен осындай ерекше құрмет пен ықыласқа бөленсін!

Жобаға қалай қатысуға болады? Бізге хабарласыңыздар:

📞 8 701 530 49 59 — орыс тілінде

📞 8 707 601 54 04 — қазақ тілінде

📞 8 701 512 42 50 — тікелей редактормен хабарласқысы келетіндер үшін! 😊

2027 жылға арналған жылдық жазылым бағасы:

  • Қала (жеке тұлғалар үшін) – 11 844,96 теңге;
  • Қала (заңды тұлғалар үшін) – 14 635,20 теңге;
  • Ауыл (жеке және заңды тұлғалар үшін) – 11 604,48 теңге.

Газетке жазылуды «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшелерінде рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасы арқылы жазылу мүмкіндігі қарастырылған:

Kaspi → Төлемдер → Басқалар → Мерзімді басылымдар → «Білімді ел – Образованная страна» → Жазылу мерзімі (12 ай) → Толық жеткізу мекенжайы.

«ҰСТАЗҒА СҮЙІСПЕНШІЛІКПЕН!» — ӨЙТКЕНІ ЖАҚСЫ ҰСТАЗ ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ! ❤️

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий