Жас маманға қолдау – сапалы білімнің негізі

Қазіргі білім беру жүйесінде жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, педагогикалық шеберлігін жетілдіру және сапалы білім беруді қамтамасыз ету маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Осы бағытта Павлодар облысы Ертіс ауданының №1 Ертіс орта мектебінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша жүйелі әдістемелік жұмыстар жүргізілуде. Әдістемелік бірлестікті Алтынгүл Майданқызы Ауталипова басқарады.

Бірлестік құрамындағы физика, химия, биология, география, математика және информатика пәндерінің мұғалімдері жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіп, олардың кәсіби қалыптасуына және педагогикалық тәжірибесін жетілдіруіне ықпал етуде.

Мектепте география пәнінің жас маманы Нуртазин Мақсат Сарсенбайұлы, математика пәнінің жас мамандары Кусанова Мадина Азаматқызы мен Гостищева Айслу Қайыржанқызы кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, педагогикалық қызметтерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуде.

Әдістемелік бірлестік аясында тәжірибе алмасу, өзара сабаққа қатысу, ашық сабақтар өткізу, оқу тапсырмаларын әзірлеу және оқушылардың білім жетістіктерін талдау жұмыстарына ерекше мән беріледі. Бұл жұмыстар жас мамандардың заманауи оқыту әдістерін меңгеруіне, сабақтарды тиімді ұйымдастыруына және кәсіби құзыреттілігін арттыруына мүмкіндік береді.

Сабақ барысында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауын және зерттеушілік дағдыларын дамыту көзделеді. Осы мақсатта практикалық тапсырмалар, цифрлық білім беру ресурстары, STEM элементтері мен заманауи педагогикалық технологиялар қолданылады.

Тәжірибелі ұстаздардың әдістемелік қолдауы мен жас мамандардың кәсіби ізденісі – білім беру сапасын арттырудың маңызды алғышарты. Өзара ынтымақтастық пен үздіксіз кәсіби даму арқылы педагогтердің әлеуеті артып, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай қалыптасады.

Ортақ мақсат – жас мамандарды қолдау, озық педагогикалық тәжірибені тарату және білім сапасын арттыру.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий