Павлодарлық жас спортшылар «Жұлдызай – 2026» ойындарында 19 медаль жеңіп алды

2026 жылғы 13–17 қазан аралығында Астана қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Жұлдызай» Ұлттық инклюзивті ойындары өтті.

Республикалық жарысқа Павлодар облысының 6 арнайы мектебінің тәрбиеленушілері қатысып, жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша өңір спортшылары 19 медаль иеленді: 6 алтын, 8 күміс және 5 қола.

Жүлдегерлер үстел теннисі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика және шоудаун спорт түрлері бойынша бақ сынады.

№4 арнайы мектептің тәрбиеленушілері үстел теннисі мен тоғызқұмалақтан, №5 арнайы мектептің спортшылары төрт медаль, №1 арнайы мектептің тәрбиеленушілері екі жүлде, ал №7 арнайы мектептің спортшылары шоудаун мен тоғызқұмалақтан жүлделі орындарға ие болды.

№3 арнайы мектептің тәрбиеленушісі Анастасия Анохина 30 метрге жүгіруден алтын медаль жеңіп алып, «Жұлдызай» республикалық инклюзивті ойындарының үш дүркін чемпионы атанды.

Бұл жетістіктер – жас спортшылардың табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ педагогтер мен жаттықтырушылардың жүйелі жұмысының нәтижесі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, педагогтер мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз! Барша спортшыларға зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жеңістер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий