Астанада «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан «KELESHEK CUP» турнирі өтті

Республика күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Астана қаласында «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир ұйымдастырылды.

№106 мектепте өткен зияткерлік сайыста оқушылар ұлттық ойыннан шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынады. Турнирдің басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және мектептер арасындағы байланысты нығайту.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Ұлдар арасында
I орын — Қуаныш Аян (№101 мектеп)
II орын — Бұхар Бексұлтан (№114 мектеп)
III орын — Сайпулла Бүркіт (№115 мектеп)

Қыздар арасында
I орын — Тәңірбергенова Айнел (№100 мектеп)
II орын — Сұлтанқызы Дилназ (№110 мектеп)
III орын — Жетпис Ляззат (№112 мектеп)

Турнирді Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Астана қаласының Тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Ұлттық ойынды дәріптеп жүрген жас зияткерлерге алдағы жарыстарда табыс тілейміз!

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий