AI – Sana ұлттық бағдарламасы аясында «Тұран-Астана» университетінің студенті TAU қауымдастығына арналған UNIQ мобильді қосымшасын әзірледі
Қосымшаны «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Шаймерден Нұрболат әзірледі.
UNIQ мобильді қосымшасының көмегімен студенттер университеттің соңғы жаңалықтарынан жедел хабардар болып, өзекті іс-шараларды бақылап, студенттік өмірдің белсенді қатысушысы бола алады. Қосымша ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға, сондай-ақ студенттердің университеттің ішкі өмірімен байланысын жеңілдетіп, өзара іс-қимылын тиімді етуге бағытталған қолайлы цифрлық кеңістік құруды көздейді.
Жобаның басты ерекшелігі — оның ауқымды тұжырымдамасында. UNIQ тек бір оқу орнына арналған шешім ретінде ғана емес, Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына арналған бірыңғай цифрлық платформа ретінде әзірленген. Болашақта бұл бастама еліміздің студенттік қауымдастығы үшін ортақ цифрлық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әрбір студенттің өз университетімен байланысын сақтауға жағдай жасайды.
Мұндай бастама — университетке жасалған сый ғана емес, азаматтық жауапкершіліктің, жасампаздық көзқарастың және болашаққа бағытталған пайдалы шешімдер жасауға деген ұмтылыстың көрінісі.
Қазіргі уақытта жоба пилоттық тестілеу кезеңінен өтуде. Қосымшамен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://uniq.com.kz/
Сагат Елубаевич НУРПЕИСОВ,
«Тұран-Астана» университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры
