Президент жолдауы — 2026: Жетісу университеті Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайды

Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады.

Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттерді айқындады. Әділетті Қазақстанды құру, елдің экономикалық әлеуетін арттыру, білім мен ғылымды дамыту, инновацияларды енгізу және цифрлық трансформацияны жеделдету мәселелеріне басымдық берілді.

Президент өз сөзінде білім мен инновацияның маңызын атап өтіп, жасанды интеллект технологияларын экономикамен қатар білім беру мен ғылым жүйесіне де белсенді енгізуді, бұл құралдардың өңірлердегі білім сапасын теңестіруге септігін тигізуі керектігін айтты. «Енді бұл жұмысты әрі қарай жүйелі жалғастырып, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруымыз қажет. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы осы үдеріске белсенді атсалысуға тиіс»-деді мемлекет басшысы. Бұл жоғары оқу орындары үшін де маңызды бағдар. Білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту, заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу, жасанды интеллект технологияларын қолдану және еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау – елдің тұрақты дамуына әсер ететін нақты фактор.

Жиын соңында университет ректоры Ермек Бөрібаев Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттарға қатысты пікір білдіріп, алға қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының жауапкершілігі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар университет ұжымын білім мен ғылымды дамытуға, білім беру сапасын жетілдіруге және ел болашағы үшін айқындалған міндеттерді орындауға бірлесе атсалысуға шақырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий