ToU СТУДЕНТТЕРІ — AI HACKATHON FEST БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

Торайғыров университетінің студенттері AI Hackathon Fest хакатонында «Голос города» («Қала үні») жобасымен II орын иеленді.

Максим Наседкин (CS-406) мен Альберт Чапановтан (CS-404) құралған Phoenix командасы қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді анықтауға көмектесетін жасанды интеллект жүйесін әзірледі.

Жоба әлеуметтік желілердегі жазбалар мен пікірлерді жасанды интеллект көмегімен талдап, тұрғындар үшін маңызды мәселелерді анықтайды. Жиналған ақпарат кейін тиісті қалалық қызметтерге жолданып, мәселелерді шешу барысында ескерілуіне мүмкіндік береді.

Бұл – жай ғана цифрлық құрал емес, әрбір тұрғынның үнін естіртуге бағытталған тиімді шешім.

Максим мен Альбертті лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа идеялар, тың жобалар мен толағай табыстар тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий