«ТҰЛҒА БОЛУ — ТАЛАП ПЕН АДАЛДЫҚТАН: СТУДЕНТТІК ШАҚТЫҢ ДАНАЛЫҚ БАСТАУЫ»

Тарихқа терең үңілсек, адамзат баласының даму бағытын өзгерткен, ел мен жердің тағдырын шешкен дара тұлғалардың есімі әрқашан құрметпен есте сақаталады. Олар: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Әл-Фараби сынды ұлылардың мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін де таптырмас темірқазық. Ал «Ұлы тұлға туа ма, әлде қалыптаса ма?» деген сауал ғасырлар бойы ойшылдарды толғандырып келеді. Осындай тақырыпта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультеті жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценты х.ғ.к., Тугельбаева Л.М., х.ғ.к., Далабаева Н.С., PhD Мылтықбаева Л.К. жетекшілігімен ашық кураторлық сағат дөңгелек стол ретінді өткізілді. Іс шараға 6B07102 — Химиялық инженерия мамандығының студенттері мен оқытушылар қатысты.

Бұл сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес. Кейбір мамандардың пікірінше кез келген адам дүниеге келгенде табиғи әлеуетпен, белгілі бір қабілет пен генетикалық нышандармен келеді. Дегенмен, тек туа біткен қасиетпен ғана ешкім «ұлы» бола алмайды. Туа біткен дарын — бұл тек бойдағы кішкентай қабілет. Оны жанып тұрған алауға айналдыру үшін адамның жас кезінен өзгеріске ұмтылуы, қажырлы еңбегі, табандылығы мен өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеуі қажет. Осы жағдайда білімнің тұлға болып қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылып студенттермен пікір талас талқыланды. Сонымен қатар қоғам мен ортаның әсері ұшан теңіз.  Заман талабы мен тарихи кезең де үлкен роль атқарады. Ал енді қазіргі заманғы ұлы тұлға қандай болу керек? Терең білім, тәрбиелі және  кітап оқу, ғылым мен өнерді бірге игеру адамның ішкі жан дүниесін байытады. Сапалы білім мен саналы тәрбие — кез келген тұлғаның бұзылмас іргелі негізі.

Ұлы тұлға болу — тағдырдың кездейсоқ сыйы емес, ол — үздіксіз ізденістің, терең білімнің, өнегелі ортаның ықпалы мен адамның өз-өзіне деген қатаң талапшылдығының заңды нәтижесі.

Тугельбаева Л.М.,
Химия ғылымдарының кандидаты, доцент 

Далабаева Н.С.,
Химия ғылымдарының кандидаты 

Мылтықбаева Л.К.,
PhD 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий