TOU-ДА «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚОСЫМШАСЫ» ХАКАТОНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Торайғыров университетінде жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып әзірленген жобалар ұсынылған «Жасанды интеллект қосымшасы» хакатонының қорытындысы шығарылды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, техникалық дағдыларын және тың шешімдер ұсыну мүмкіндіктерін көрсетті.
Хакатон қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
* I орын — Alabala — ToU, жүлде қоры – 250 000 теңге;
* II орын — Team Respect, жүлде қоры – 150 000 теңге;
* III орын — misery&spark, жүлде қоры – 100 000 теңге.
Сонымен қатар арнайы номинациялар бойынша да үздіктер анықталды. «Деректерді талдау және визуализациялау бойынша үздік жоба» номинациясында ODESSA командасы жеңімпаз атанса, «Жасанды интеллектіні үздік қолдану» номинациясы Larpers командасына бұйырды. Ал «Өнеркәсіптік технологиялар саласындағы үздік инновациялық шешім» номинациясында Leader labs командасы үздік деп танылды.
Хакатонның демеушісі – Freedom Bank. Банк іс-шараны ұйымдастыруға және жеңімпаздарды марапаттауға қолдау көрсетті.
Байқау қатысушыларға өз идеяларын таныстыруға, тәжірибе алмасуға және жасанды интеллект саласындағы жобаларын одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.

