Атырау университетінің ректорынан ыстық ықыласпен

ҰСТАЗҒА ДЕГЕН ЫҚЫЛАС ПЕН ҚҰРМЕТ! ❤️

Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылы.

Бұл – қос бірдей ұстаз тәрбиелеген өнегелі отбасы. Ерлі-зайыпты Көргенов Махамбет ағай – физика пәнінің мұғалімі, Жұмашева Ақсұлу апай – математика пәнінің мұғалімі. Екеуі де ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып, бүгінде құрметті зейнет демалысында.

Осы ардақты ұстаздар отбасына Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов «Білімді Ел – Образованная Страна» газетіне бір жылдық жазылымды сыйға тартты.

Қандай ізгі де өнегелі қадам! Ұстазға деген құрмет – ұлт болашағына деген құрмет!

«Ұстазға – махаббатпен» әлеуметтік жобамызды қолдағаны үшін Саламат Идрисовке шынайы алғысымызды білдіреміз!

Құрметті оқырман, сіздерді де осы игі бастамаға қосылуға шақырамыз! Өзіңіз білім алған мектебіңіздегі сүйікті ұстазыңызға, ардагер педагогке немесе ұстаздар отбасына газетке бір жылдық жазылым сыйлаңыз!

Жақсылық жасаудан жалықпайық! Ұстазға көрсетілген құрмет – ұрпаққа көрсетілген құрмет! ❤️

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ляззат Туркестанова | Журналист | Образование | Подкасты (@lyazzat.turkestanova)

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий