Бұл жай ғана өтпелі кезең бе, әлде көмекке шақырған дауыс па? Павлодарда тегін психолог көмегі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректеріне сәйкес, психологиялық қиындықтардың жартысы 14 жасқа дейінгі кезеңде басталады. Көп жағдайда ата-аналар баланың тұйықталып қалуын немесе көңіл күйінің күрт өзгеруін «өтпелі кезеңнің қиындығына» не «мінезінің ерекшелігіне» балап, оған қолдау қажет сәтті байқамай қалады.

Павлодар қаласында психологиялық көмекке жүгінетін отбасылардың саны артып келеді. Ағымдағы жылы Өңірлік психологиялық қолдау орталығының мамандары 698 бетпе-бет кеңес өткізіп, сенім телефоны арқылы 574 өтініш қабылдады.

Егер отбасыңызда жиі жанжал туындаса, балаңыздың оқуға деген қызығушылығы төмендесе, ол буллингке тап болса немесе өз-өзіне тұйықталып қалса, бұл жағдаймен жалғыз қалмаңыз. Біз жағдайды бірге саралап, отбасындағы тыныштық пен өзара түсіністікті қалпына келтіруге көмектесеміз.

  • Тегін және анонимді түрде (есепке қоюсыз);
  • Қазақ және орыс тілдерінде кеңес беріледі.

Біздің мекенжайымыз: Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 20/1, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны: 2808.

Көмек сұрау – қамқорлықтың белгісі. Біздің мамандар әрдайым сіздердің жандарыңыздан табылады!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий