«Музыкалық кешеннің тәрбиеленушілері – «TŪMAR» халықаралық байқауының жүлдегерлері»

2026 жылғы 16–18 қараша аралығында Алматы қаласында КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «ÜNDESU» I халықаралық фестивалі аясында «TŪMAR» I халықаралық музыкалық байқауы өтті.

П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің базасында ұйымдастырылған ауқымды шығармашылық іс-шара музыканың түрлі бағыттары бойынша өнер көрсететін жас орындаушылардың басын қосып, олардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін танытуға мүмкіндік берді.

Павлодар музыкалық кешенінің музыкалық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен Музыкалық колледж студенттері оқу орнын жоғары деңгейде таныстырып, орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, көптеген жүлделі орындарға ие болды.

«Қобыз» номинациясы бойынша мектеп-интернат тәрбиеленушісі, 9-сынып оқушысы Дайана Нурмухамет I орынға ие болды. Ал музыкалық колледж студенттері арасында Жансулу Бауржанкызы II орынды, Азиза Байкен III орынды иеленді.

«Дәстүрлі ән» номинациясында музыкалық колледж студенттері Азамат Қаирбай мен Рахымжан Шайкагали III орынға ие болды.

«Фортепианолық ансамбль» номинациясында ерекше жетістікке қол жеткізілді: Нуралы Сапаргалиев пен Асанали Камзин I дәрежелі лауреат атанды.

«Қазақ халық аспаптары» бөлімінің студенттері де жоғары нәтиже көрсетті. Музыкалық кешен домбырашылары халықаралық сахнада өз шеберліктерін танытып, бірқатар жүлделі орындарға ие болды.

Байқаудың алтын жүлдегерлері атанған Әмір Қаир мен Ислам Бодыков жоғары орындаушылық деңгейлерін дәлелдеді. Күміс жүлдегерлер қатарынан Жандос Қаратаев, Ділнәз Алқамбек, Бекжан Сердалин, Кәрім Жұмабек және Дархан Абдихаликов көрінді. Ал қола жүлделерді Айғаным Ерден, Малика Иманбаева, Мадина Ғапур, Алима Закарина, Нұрай Кәбзәкір және Ерасыл Алпысбай иеленді.

«Домра» номинациясында Аделина Клопот II орынға ие болып, Музыкалық кешеннің орындаушылық мектебінің жоғары деңгейін лайықты танытты.

«Фольклорлық аспаптар» номинациясында Жансара Жанабаева III орынды иеленді.

Музыкалық колледж бен мектеп-интернаттың үрлемелі және ұрмалы аспаптар бөлімдерінің тәрбиеленушілері де Музыкалық кешеннің абыройын асқақтатып, байқауда жоғары нәтижелер көрсетті.

Рахат Курбан I орынға ие болды. II орындарды Али Муратов пен Думан Дюсенов иеленді. Ал III орынға Аиат Абдыгалиев, Ислам Жумабай, Алтын Кудасова, Веньямин Герасименко, Рахымжан Жумашев, Асыл Нәби, Георгий Черных, Тимур Гараев, Вероника Москалева, Мираль Жангуттинова, Элизабет Клопот, Иван Жидков, Адия Куаш және Дильназ Канапина лайық деп танылды.

Байқауға қатысушыларды Музыкалық кешеннің оқытушылары дайындады: Канаева А.Б., Магазова Г.К., Мусипова С.Т., Кыздырбекова Г.С., Ульянова Т.В., Байбусунова Т.М., Сыздыков С.К., Байбусунов М.М., Утемисова С.Р., Сабиганов Б.Ж., Бондаренко Т.А., Мулкаразов М.К., Нугыманов А.К., Усенов Д.А., Тен А.Ш., Доморощенов Ю.Н., Жумалин А.Т., Каирбаева Э.С. және Шлегель О.В.

Байқау лауреаттарына концертмейстерлік қолдау көрсеткен Д.В. Скворцова.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар музыкалық кешенінің өкілдері 35 жүлделі орынға: 4 бірінші, 7 екінші және 24 үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар фортепианолық ансамбль I дәрежелі лауреат атағын иеленді.

Бұл жетістіктер – жас музыканттардың табанды еңбегінің, мақсаткерлігінің, шығармашылық ізденісінің және педагогтердің кәсіби шеберлігінің жемісі. Осындай жоғары деңгейдегі халықаралық байқауға қатысу – орындаушылық өнерді дамыту жолындағы маңызды қадам әрі Павлодар өңірінің музыкалық білім беру мектебін халықаралық сахнада лайықты танытуға берілген үлкен мүмкіндік.

Байқау қатысушыларын және олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа шығармашылық жетістіктер, шабыт пен жарқын жеңістер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий