Жария тыңдаулар өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі арнайы құқық субъектісі – «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ өндіретін және (немесе) көрсететін қызметтерге (жұмыстарға) бағаларды қарау мәселесі бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария тыңдаулар мемлекеттік монополия және арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіледі.
- Жария тыңдауларды ұйымдастырушы:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс.
- Жария тыңдаулардың нысанасы:
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ арнайы құқық шеңберінде өндіретін және (немесе) көрсететін қызметтерге (жұмыстарға) арналған бағалар жобасын талқылау.
- Көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) атауы мен түрлері:
- білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы және ұлттық зерттеулер жүргізуді үйлестіру;
- білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау;
- «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Жария тыңдауларды өткізу күні мен уақыты:
2026 жылғы «_» ____, сағат ___:___.
- Өткізу форматы:
____ бейнеконференциясы арқылы онлайн форматта.
Онлайн-трансляцияға қосылу сілтемесі тіркелген қатысушыларға жіберіледі.
- Жария тыңдауларға қатысуға:
мүдделі мемлекеттік органдар, көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар және олардың қоғамдық бірлестіктері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
- Қатысушыларды тіркеу:
Жария тыңдауларға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы «_» ____ дейін мына байланыс деректері бойынша қабылданады:
телефон: +7 (7172) 79 58 49.
жауапты: экономист Әміров Ұлан Өмірзақұлы
электрондық пошта: info@taldau.edu.kz
Қатысушыларды тіркеу жария тыңдаулар өткізілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталады.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің байланыс деректері:
Телефон: [құрылымдық бөлімшенің нөмірі].
Электрондық пошта: [e-mail].
Интернет-ресурс: __.
- Арнайы құқық субъектісінің байланыс деректері:
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қонаев көшесі, 29/1, «Дипломат» БО, 13-қабат.
Телефон: +7 (7172) 79 58 49.
Жауапты: экономист Әміров Ұлан Өмірзақұлы
Электрондық пошта: info@taldau.edu.kz
Интернет-ресурс: taldau.edu.kz/ru.
Жария тыңдауларға қатысушылар жария тыңдаулардың нысанасына қатысты материалдармен танысуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз ескертулері мен ұсыныстарын беруге құқылы.