Ұлы даланы ұлықтаушы ұландар

Өзім жұмыс істейтін осы бөбекжай-балабақшасында әріптестеріммен бірге Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласын оқып, бірге талқыладық.

Біз, барлық қазақстандықтар, елім деген болашақ жастарды жарқын істерге жетелейтін ұлттық идеяның өмірімізде пайда болғанын қалаған болатынбыз. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары бұрыннан қалыптасқан қоғам құндылықтары нарық заңы мен шет елдерден жылдам жеткен түрлі жат дәстүрлердің  ағынына төтеп бере алмай жұтылып кеткені белгілі. Жаңа заманның өзгерістерді адамдарды оң және теріс бағыттарға тартқылап, жастарвамыз соқыр сенімнің жетегінде кетті. Сондықтан сананы жаңғыртатын дұрыс идеяның қажеттілігі баяғыда байқалған болатын. Ол тәуелсіз елімізде биік белестерге бастау арқылы ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын жақын жол болуы қажет еді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың барша отандастарымызды ортақ мақсатқа жұмылдыру арқылы халқымыздың рухын көтеруге бағытталған мақалаларынан әрбір азамат көкейіндегі сан сауалына нақты жауап табары анық. Төл тарихымыз бен мәдениет мәйектерін зерделеу арқылы тегімізді терең танумен қатар барша әлем мойындататын жадылық жауһарларымызды алақанға салып жарқырата ұсынуға мүмкіндік аламыз. Бұл дархан дала төсінде пайда болған мол мұрамызды жаңа қырынан ұлықтауға және түркі бірлігін бұрынғыдан да күшейтуге жаңа серпін берді. Қазақстан көшбасшысының бағдарламалық мақалалары ұрпақ сабақтастығын жалғайтын маңызды тарихи құжат болып қалатыны сөзсіз. Жасампаз идеямен астасқан ұлттық ұстаным балабақша тәрбиешілеріне қанат бітіріп, жас өрендер мен ата-аналардың қатысуындағы арнайы тағылымды басқосулар ұйымдастыруға шабыт берді.

Дербестіктің отыз жылға жуықтаған жылнамалық беттерінде сан салалы даму үдерісінің көңілге қуаныш ұялататын жетістіктері аз емес. Қарқын алған жаһандық ғылымның инновациялары кұнделікті тіршілігімізге көптеп енуде. Алайда бұл салт пен дәстүрдің сақталуына кедергі бола алмайды.

«Ғажайып түс көрген патша» атты ертегі желісінде жүргізілген ашық сабақ пен ертеңгілікті аудан мен қала деңгейінде көрсете білдік. Нұрсұлтан Әбішұлы атап айтқандай ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – мәдениетіміздің қайнар бұлағы екендігі шүбәсіз. Қазақы қалпымыз әр күн сайын санамызда жаңғырып тұруы тиіс. Балабақшаның ұйымшыл ұжымы бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстарды жүйелі іске асыру арқылы өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие сіңіру басты міндетіміз.

Баян САТЫБАЛДИЕВА,
№103 санаториялық бөбекжай
балабақшаның меңгерушісі,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий