Педагогикалық мамандықтағы өмір – бұл жанның қажымас еңбегі

Педагогикалық мамандық – ежелгі мамандықтардың бірі. Оның құрметтісі білім алушылардың алдында өтелген борыштың мейірімділігін қалдырады, олардың тағдырына қатысты екенінді сезуге мүмкіндік береді, ерекше бақытқа бөленіп, өзінің пайдалы екенінді сезіндіреді. Осылайша 2019 жылы 29 сәуірде Қостанай жоғары политехникалық колледж негізінде ТжКББ ұйымдары педагогтарының арасындағы өткен, «Арнайы пәндердің үздік оқытушысы» облыстық конкурстың қатысушылары туралы да айтуға болады. Конкурс білім беру мазмұнын жаңарту мен оның сапасын арттыруға бағытталған, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арнайы пәндер оқытушыларының шығармашылық белсенділігін ынталандыру және арнайы пәндерді оқытудағы жаңа әдістемелік амалдарды анықтау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы Тжәне КББ әдістемелік кабинетімен өткізілді.

Сайыстың іріктеу кезеңінде Тжәне КББ ұйымдарының 28-нен 28 педагог қатысты, онда әр қатысушы өз білімін жетілдірудегі әдістемелік тақырыпты іске асыру аясында өз тәжірибесінде қолданатын, оқытудың әдістері мен технологиясын көрсетіп, өткізген сабақтың бейнесін сараптау комиссияның сот шешіміне ұсынды.

Сабақтар мазмұны жағынан қызықты және іріктеу критерийлеріне сәйкес келді, бірақ та тікелей кезеңге конкурста жеңіске ие болатын негізгі үміткерлер 14 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 14 арнайы пәндер оқытушысы шықты. Әр қатысушы көрермен мен әділқазылар алқасына «Мен және менің мамандығым» атты шығармашылық презентациясын ұсынып, шеберлік класын өткізу барысында – барлығы да өз білімін жетілдіру тақырыбының аясында сабақтың басталуы мен аяқталуын көрсетті. Ал әділқазылар алқасының құрамына колледж директорлары кеңесінің төраға орынбасары, Рудный құрылыс және көлік колледж директоры Сагнаев А.Н., Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледж басшысы Құсайын Ж.Қ., Казпотребсоюз Қостанай жоғары экономикалық колледжінің ОЖ жөніндегі орынбасары Кулесова К.К., ТжКББ әдістемелік кабинетінің басшысы Бокаева М.М., ТжКББ әдістемелік кабинеті ТжКББ мазмұны дамуының бөлім басшысы Өтегенова Г.М. кірді.

Конкурс қатысушыларының сөз сөйлеуі әртүрлі аумақты және қызықты болғандықтан, әділқазылар алқасына конкурс ережелерінің шеңберінен тыс шығып, колледж директорларының кеңесінен қосымша сый беруге тура келді.

Әділқазылар бірауыздан Гран-при ұсынған, Жітіқара политехникалық колледжінің Виноградова Ю.Я. өз білімін жетілдірудегі тақырыбын және педагогикалық қызметін жан-жақты ашқан, көрнекті, әсерлі өнер көрсетуі болды. Қазіргі уақыттағы тау-кен кәсіпорындарының басшылары, бұрын оның мақтаулы түлектері болған, кәсіби білітілігін және жұмыстағы нәтижелілігін көрсеткен Лисаков техникалық колледжінен Харьковская Н.П. (1 орын); және Қостанай құрылыс колледжінің Ерденова Л.Н. (2 орын) өз қызметінің нәтижесі – студенттері тағылымдамадан өту үшін Чехияға сапары және CLIL әдістемесі мен арнайы пәндер бірлесуінің авторлық әдістері мен тәсілдерін танытты.

АҚТ қолдану мен білім алушылардың этномәдениетті сәйкестігін хореографиялық өнер құралдары арқылы дамытуды сахнада Қостанай педагогикалық колледжінің педагогы Дукенова А.Ж. (2 орын) көрсеткен. Педагогикалық қызметтегі мамандықта ұрпақтардың жалғасуына көңіл бөлген Кстаубаев А.С., Деряга О.А. (3 орын) баяндамасы мазмұны жағынан қызықты болды. Үшінші орынға ие болған, Торғай гуманитарлық колледжінің Ақылбекова Л.Б. оқытудағы әдістемеде, білім беру мазмұнын жаңартудағы педагогтың орны мен маңызын көрсетті. Арқалық политехникалық колледжінен Нурманбетова А.С. («Педагог – шығармашыл тұлға» номинациясы) арнайы пәндер сабақтарындағы белсендіру әдістері мен шығармашылығын көрсетіп шықты. Қостанай гуманитарлық колледжінің оқытушысы Нұржан Г.Т. сабақтарындағы сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тәжірибесімен таныстырды. Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің педагогы Таран И.А. сабақтағы ойын технологиясының қолдануын, ал Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің педагогы Ахметчиа Г.И. сабақ өткізудің дәстүрден тыс әдістерінің көмегімен білім алушыларды ынталандыруға болатынын таныстырып шықты. Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінен Новикова Л.В. шеберлік класында іскерлік ойын тәсілдері арқылы кәсіптік қызметтегі дағдыларын меңгеруін көрсеткен. Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжінен Пронина Г.А. («Педагог –кәсіпқой маман» номинациясы) арнайы пәндер оқытушы қызметіндегі жобалау әдісінің қолдану түрлерін ұсынды. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің педагогы Контробаева Ж.Д. («Жаңашыл педагог» номинациясы) кіріктірілген оқытудың пәндік-тілдік әдістерін көрсетіп шықты.

Педагог мамандығы – бұл жоғары борыш, оның мәнісі – тұлғаны қалыптастыру, ал педагогикалық мамандықтағы өмір – бұл жанның қажымас еңбегі. Жақсы оқытушы болу үшін, тек қана өз саласында жақсы маман болумен шектелмейді, оған қоса психология мен қатысым теориясын білу керектігі және басқа да қасиеттер болуы тиіс. Және, оған қоса, ең бастысы – өз студенттеріне сенімді жолдасы болуы керек. Облыстық конкурсқа қатысқан ТжКББ ұйымдарының педагогтары дәл осындай деп ойлаймын. Ал конкурс облысымыздың педагогтары үшін ерекше тәжірибе алмасу алаңы сияқты да болып шықты, арнайы пәндер оқытушысы бұл педагогикалық құбылыстың негізгі тұлғасы екендігі тағы да дәлелденді; ол болашақ мамандарды мамандықтың дүниесін тануға тартады, шеберліктің шыңына тәжірибе мен теорияның бірлесуі арқылы жетілуге көмектеседі және таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін баулиды.


Гүлнара Өтегенова,
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасы
Тж-е КББ әдістемелік кабинеті техникалық және
кәсіптік білім беру
мазмұны дамуының бөлім басшысы

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий