ДУАЛЬДЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Булекбаева Г.Ж, Бегендикова Ж.А.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қаласы
Қазақстанда білім беруді табысты дамытуға барлық жағдай жасалған, дегенмен қазіргі таңда жалпы республикамыз бойынша кәсіби техникалық және жұмысшы кадрлардың жетіспеуі байқалады.
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – бұл студенттер теориялық білімді университет, коллдеж қабырғаларынан алуы, ал өндіріс орындарында тәжірибелік жұмысты жасау арқылы оқыту технологиясы.
Дуалды оқыту жүйесі көптеген шет елдерде Алмания, Германия, Қытай және т.б. жақсы дамыған.
Дуалды жүйе ЖОО-дағы дәстүрлі оқу түрімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие, сондықтан қазіргі таңда оның маңызы жоғары.
Мұнда студенттер уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.
Бірақ, бір есекере кететін жәйт әр мамандықты дуалды оқуға болмайды. себебі сұраны индустриядан болуы керек, яғни белгілі бір салада мамандардың жетіспеуі неғұрлым жоғары болса, осы бағыт бойынша дуальды мамандықтар соғұрлым көп болады. Мысалы, Қазақстанды немесе оның тарихын дуалды зерттеу мүмкін емес. Жалпы ең көп сұраныс негізінен инженерия, Информатика, бизнес-әкімшілік салаларында кездеседі. Соңғы уақытта Әлеуметтік сала мен денсаулық сақтау саласында ұсыныстар түсуде.
Оқу орындары жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, инновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын білікті мамандар даярлайды. Осы мақсатта болашақ маман иелері өздері таңдаған мамандықтарды кәсіби тұр-ғыдан жан-жақты игеріп, қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп әрі қарай дамытуы керек. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірибенің үйлесімді болуы үшін дуалды білім беру жүйесін енгізу қажет.
Дуалды оқыту жүйесінің көптеген артықшылықтары бар:
Біріншіден, түлектердің жұмысқа орналасу дәрежесінің көрсеткішінің жоғарылығы, себебі студенттер оқу процесін орындай жүріп, жұмыс берушінің де талаптарын орындап, жұмысыг игеріп, тәжірибелі маман болып шығуна көп мүмкіндік бар.
Екіншіден, ол оқытуды қажет етпейтін маман, мекемелер үшін де ол маңызды. Яғни ол маман өзі шешім шығара алады, жұмысқа деген жауапкершілікті оқу оқып жүріп сезінеді.
Үшіншіден, өндірістік мекеме орындарының көпшілігі соңғы болып жатырған жаңалықтарға сәйкес жұмыстарын жүргізеді. Ал, бұл студенттердің заманауи талаптарды меңгеруіне жол ашады.
Бұл аталған мәселелерді дүние жүзі бойынша дуалдық технологияны енгізген елдерге сараптама жүргізу арқылы анықтадық.
Қазіргі таңда, «Машина жасау» өндірісі біздің елде толық кәсіптік деңгейге шықпаған өндіріс болып отыр. Осыған сәйкес, еңбек нарығында білікті мамандардың да тапшылығы байқалады. Бұл қалыптасып кеткен жағдайды тек теория тұрғысынан қарау арқылы маңызды мәселелерді шеше алмайтынымыз белгілі болды.
Сондықтан, жас мамандарды даярлауда тек теориялық тұрғыны қарастырмай, олардың толық кәсіптік деңгейіне жету үшін белгілі бір жұмыстар ұйымдастыру өзекті мәселе деп ойлаймыз.
Осы орайда айта кететін жәйт, біздің «Машина жасау және көлік» кафедрасы 2012-2013 оқу жылынан бастап «Ақтау машина жасау зауыты» ЖШС біріге жұмыс жасап келе жатыр, мекемеде университет филиалы да ашылған. Зауыт тарапынан да Жангирханқызы Л., Мусин Р.Д. білікті мамандар «СББ станоктарда өңдеу», «Дайындау өндірісін жобалау», «Жөндеу өндірісінің технологиясы» және т.б. пәндерінен зауыттың цехы ішінде дәріс береді, тәжірибелік сабақтар өткізеді.
Болашақта дуалдық оқыту жүйесі бойынша мекемелермен келісім-шарт жасап, мамандар даярлау барысында тек теориялық тұрғыдан емес, толық кәсіптік деңгейге де көтеруге болады
Загрузка...