ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ ҮШІН

Булекбаева Г.Ж, Бегендикова Ж.А.

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қаласы

Өткенге ой салып, ертеңіңді екшеп, бүгінгі күнге көз салар болсақ өткен тарих беттерінен ел ықыласына бөленген есімдер техника ғылымында, оның ішінде күрделі әрі қызықты машина жасау технологиясы саласында көп емес. Еліне, халқына әркім әр түрлі жолмен пайда тигізеді. Біреу батырлығымен, енді біреуі шешендігімен танылады. Жақсы адам жайында жазсаң жаның жадырап, ойың тазарып, құдды бір жоғың түгенделгендей күй кешесің. Біз сөз еткелі отырған азамат машина жасау технолгиясының қыр –сырын меңгеріп, бүтін саналы ғұмырын бар білгенін шәкірттерге үйреткен, асыл тұлғалардың бірі – Мұханбетов Ғазиз Мансұрұлы. Ол елге сіңген еңбегімен, әкелік парызын абыроймен өтеп, жолдас – жораларының алдында үлкен беделге ие болып, азаматтық қызметін адал атқарған, қоғамға сыйлы, халқына қадірлі, тұғыры биік азамат, ұлағатты ұстаз.

Мұхамбетов Ғ.М. 1950 жылы туған. Ферған политехникалық институтын «Машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар мен аспаптар» мамандығы бойынша бітірген. Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. ЖОО-дағы жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 39 жыл. 1982 жылдан бастап университетімізде жұмыс істейді. «Механика» кафедрасының меңгерушісі, «Машина жасау технологиясы» кафедрасының бірінші меңгерушісі. «Энергетика және көлік» кафедрасын басқарды. Жалпы алғанда кафедра меңгерушісі қызметінде 20 жыл жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры лауазымында жұмыс істеді. Қазіргі таңда зейнеткерлікте. Елуден астам жариялаған ғылыми және әдістемелік жұмыстары бар. Оның ішінде 4 оқу құралы «Теңіз техникасының машиналары мен механизмдерін жөндеу технологиясы», «Жөндеу өндірісінің технологиясы» және басқалар. Оқыту әдістемесі бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді және оөу сабақтарының әртүрлі түрлерін орындауды жариялады. «Ізденіс-Поиск», Известия КазАТК», «Промышленность Казахстана», «Қазақстанның Орталық ғылыми журналдарында жарияланды . Ғылыми зерттеулердің тақырыбы Машина жасау, автокөлік және теңіз техникасында машиналар мен жыбдықтарды дайындау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде процестердің сапасын арттыруға жатады.

Ғ.М. Мұхамбетов техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры. «Халықтық білім беру үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды. «Ш.Есенов ҚМТИУ ардагері», «Жоғары кәсібилігі және университететтің дамуына қсоқан зор үлесі үшін университет басшылығы бірнеше рет Алғыс хаттармен марапатталды.Ол студенттер арасында тәрбие жұмыстарын жүргізді, әріптестерімен-оқытушылармен тәжірибе бөліседі. Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Кафедраның педагогикалық әдістемелік және ғылыми қызметінің барлық деңгейінде және түрлерінде белсенді еңбек қызметін жүргізеді. Студенттерді оқытудың заманауи әдістерін табысты меңгеріп, енгізді.

Кеңес өкіметі құрылуының алғашқы күндерінен бастап машина жасау мәселесі халық шаруашылығын дамытудағы ең бір күрделі сала деп есептелді. Өйткені еліміз экономикасының негізгі өзегі – машина жасау. машина жасау технологиясы саласында Ғазиз аға талай қызықтар мен қиындықтарды кешті. 40 жылға жуық қызметінде мыңдаған жас қызметкерлерге ақылшы ұстаз бола білді.

«Машина жасау технологиясы» және «Машина жасау» мамандықтары бойынша оқыған студенттердің атынан Ғазиз ағайға рахметімізді айтамыз. Ғазиз ағаға деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.

Өнген, өскен өңірінде тау тұлғасымен анадайдан көз тартатын, айдан айрықша қасиеттерімен айналасындағыларға жақсы әсер беретін, қызметінде табандылығымен және тапқырлығымен танылатын, басқан жеріне айқын ізін қалдырып жүретін бірегей адамдар болады. Ғазиз Мансұрұлы келешек ұрпақтың жадында, міне, осы қырларымен жатталып қалады және ол мезгіл ілгері озған сайын жаңаша сипатқа еніп, жаңғыра да бермек!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий