Көркем жазу – сауаттылықтың белгісі
Мектеп мұғалімі ретінде жастардың білімін жетілдіру ең алдымен оқушының жазу каллиграфиясын түзеуден басталатынын айтқым келеді. Өйткені жазуы маржандай адам білімінің жетілгенін қалайды.
Ол үшін жазу каллиграфиясын арттырудың жолдары қарастырылған. Дегенмен оқушылардың орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы бастауыш сынып мұғалімінің еңбегіне тікелей байланысты. Қолына қалам ұстаған сәттен бастап төрт жыл бойы білімі мен білік дағдылары бағдарламаға сәйкес қалыптасқан шәкір сауатты жазуы графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігін байыта түседі. Дәптерге таза жазу және анық түрде әріптерді ережеге сай дұрыс таңбалауы сызып, көру арқылы қалыптасады. Әдетте мұғалім тарапынан оқушыға әдемі де сауатты жаздыру ғана емес денесін тым бүкшитпей бойын тік ұстауына қатты көңіл бөлінеді.
Еңселі елдің ертеңі бүгінгі бүлдіршіндер. Олардың сауаттылығы мектептен басталатындығы баршамызға белгілі. Сондықтан жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беру жауапкершілігі жан-жақты жүргізілгені жөн. Яғни білім алу жолындағы кемшіліктерге жол берілмеуі тиіс. Және тіл байлығын арттырып, ойлау қабілеті мен дүниетанымына қоса байқампаздығын ілгері дамыта түскен жөн. Жастардың көшбасшылық қасиетіне нақты сенім жүктелетін осындай қадамдар ықпал етеді.
Майра ЖАЙЛАУБАЕВА,
Сарқан қаласындағы
№1 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі,
Алматы облысы, Сарқан ауданы
Загрузка...