Бәсекеге қабілеттілік пен кәсіби құзырет қажет

Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, заман талабына сай жетілдірілуде. Педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі соны көзқарастар қолдауға ие.

Жаңартылған білім мазмұнының маңызы белсенді оқыту арқылы әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдыру және пән тақырыбына қызығушылығын ояту. Бұл бағыт бірізділігімен тиімді. Бағалаудың жетістік критерийлері де өте жақсы қамтылған. Мұғалімі үшін тиімділігі оқушыны әділ бағалай алу, мақсаттың нақтылығы, ресурстардың жеткіліктілігі. Оқушы үшін белсенді оқытудың тиімді жақтары, оның жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуінде. Басты міндет – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Себебі өз білмейтіндерін басқа білетін оқушылардан толықтыруы.

Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса қажетті қадам. Осы орайда білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады.

Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда үш тілді білу, пәнді жетік әрі терең меңгеру, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну күн тәртібінде тұр. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты ұстаным.

Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға зор жауапкершілік. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Демек мұғалім – мектептегі негізгі тұлға. Себебі тәрбие және білімнің көздеген нәтижеге жетуі ұстаздың қарымды қабілеті мен шыңдалған шеберлігіне байланысты. Осы орайда тәлімгерлердің кәсіби даярлығына қойылатын талап та жоғары. Яғни білімнің сапасы – жұмыстың жоғары көрсеткіші. Нәтижелерге қол жеткізу үшін пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында топ жарған жөн.

Жаңартылған бағдарламаның мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыруды көздейді. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі керек. Педагогтердың бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби құзыреттілігін дамыту өмірмен байланыс ұғымына құрылған. Әрбір ұстаз шәкірті барлық салаларында табысты болуы үшін және қажетті дағдыларын қалыптастыруда тынымсыз еңбектенуі қажет.

Ләззат ТОЛЫБАЕВА,
Ш.Уалиханов атындағы орта
мектебінің директоры.
Кербұлақ ауданы, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий