«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы – бірегей бастама
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Бұл бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыруға негізделуімен маңызды.
Жаһандану тұсында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау педагогтың негізгі міндеті. Басты мақсат – оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіру. Педагог жаңаша сабақ құрылымын жоспарлай отырып, түрлі әдістер арқылы оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық ізденісін ілгерілетуіне мүмкіндігі бар.
Тың тәсілмен оқытудың тиімділігі тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді және оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруына көмектеседі. Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыруда педагогтердің және оқушылардың іс-әрекетін қалай бақылауға, зерттеуге болатынына бағыт ала отырып, көшбасшы болу үшін эмоциялық зиятты басты назарда ұстау жаңаша білім беруде қажет-ақ. Педагог – өмір бойы ізденуші, жаңалық ашушының тәлімгері екенін ұмытпауы керек. Шығармашылықты шыңдамай тұрып, шебер ұстаз болуы мүмкін емес. Демек ізденістің нәтижесі мен ақылды парасаттылық қажет. Шығармашылық – әр педагогтың дара қасиеті. Жан дүниесі рухани бай адам табысқа жетеді.
Тұнғыш Президентіміз-Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (10.01.2018ж) Жолдауындағы «Адам капиталы – жаңғырту негізі» тақырыбындағы жетінші тарауын іске асыру аясында біздің облыстық институт биыл екінші жыл «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық байқауды ұйымдастыруда.
Байқау білім мазмұнының жаңару жағдайында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін таныстыру мен тарату формалары болып табылады.
Байқауды өткізу білім беруді дамытып, озық педагогикалық тәжірибелерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Байқау педагогтердің кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзіреттіліктерінің өсуін жол ашып, олардың үздіктері қоғамдық тануға ие болады. Әрине озық педагогикалық тәжірибені насихаттау, тарату және пайдалану ұсынымдық сипатқа ие. Педагогтер үшін бұл бастаманың маңыздылығы – заманауи технологияны саналы түрде меңгеруге ұмтылып, тың жаңалықты кәсіби шеберлігіне пайдалана алады.
Эльмира МИРЗАЛИЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша
ПҚБАИ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»
кафедрасының аға оқытушысы, РhD философия докторы,
Тараз қаласы