Арнайы пән оқытушыларының жобалау және зерттеу әрекеттері

«Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады» – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Сексен төрт жылдық жылдық тарихы бар біздің колледждің материалды-техникалық базасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы бойынша, институционалды даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің қаржыландырумен қазіргі заман талабына сай жабдықталған.

Оларға жататын зертханалық кабинеттер: LAN-3 жергілікті компьютерлік желілер, сымсыз компьютерлік желілер, ауқымды компьютерлік желілер, желілік қауіпсіздік техникалық құрылғылары бар. Желінің зертханалық кабинеттеріндегі жабдықтар: қайталауыш; коммутаторлар (көпірлер); маршруттағыштар; көмейлер (шлюздер).

Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының (коаксиальды кабельдің, есулі қос өткізгіштің, т.б.) физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар – қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары енбеген желі бөліктері желі сегменттері деп аталады.

Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталауышпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.

Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін бір уақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.

Маршруттағыш (router) – бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттағыш берілу адресін талдап және мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.

Көмей (gateway) (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасуын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.

Қазіргі уақыттағы есептеу желілеріне қойылатын негізгі талаптар. Есептеу желілері кез – келген желі пайдаланушысы үшін желінің кез – келген ресурсына қатынауды қамтамассыз ету мақсатында құрылады. Желінің өмір сүруінің аумақты мінездемесі ретінде ресурсқа қатынау сапасы желінің алдына қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін.

Есептеу желілерінің жіктелулері. Есептеу желілерін бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады. Аумақтық белгілеріне байланысты есептеу желілерінің түрлері: жергілікті желілер (LAN – Local Area Network); ауқымды желілер (WAN – Wide Area Network).

Желінің масштабына байланысты түрлері: жұмыс топтарының жергілікті желілері (бір ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін компьютерлердің кішігірім санын біріктіреді); бөлімдердің жергілікті желілері (бір бөлімнің компьютерлерін біріктіреді); кампустардың жергілікті желілері (бірнеше кіші желілерді біріктіреді); бірлескен (корпоративті) желілер (бір мекеме немесе корпорация көлеміндегі компьютерлер мен желілерді біріктіреді). Жоғарыда аталған құрал-жабдықтар арқылы келесі желілік технологиялармен танысуға және қолдануға мүмкіндік береді. Студенттер коммутаторлар мен маршруттағыштарды баптап оны іске қосуды және желілік операциялық  жүйелерде жұмыс жасауды үйренеді.

1984 жылы Стандарттардың Халықаралық Ұйымы ISO (International Standards Organization) ашық жүйелердің әрекеттестігінің эталондық үлгісін (Open System Interchange, OSI) жариялады. Бұл жағдайда “ашық жүйе” термині өзінде тұйықталмаған жүйе деп түсіндіріледі. OSI моделінің ережесіне байланысты көтеген хаттамалар түрлері бар. Хаттама дегеніміз – қандай да бір байланысты реттейтін ережелер мен процедуралардың тобы. Осы құрал-жабдықтар арқылы келесі хаттамаларды баптауға мүмкіндік береді, олар: TCP/IP, UDP, HTTP, DHCP, SNMP, DNS, SMTP, ESMTP, POP3, FTP, TelNet, RIP, OSPF және басқалар бар. D-LinkDES коммутаторын және Cisco маршруттағышын іске қосу жолдары және баптау жайы. Коммутация. Желіні кеңейтуге тағы бір кең қолданатын механизмді – коммутацияны қарастырайық. Желілік технология коммутацияланған деп аталады егер де, аппараттық құрамында бір немесе бірнеше компьютерді қосып, байланыстырып, оларға деректерді беруге және қабылдауға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы бар болса. Оны коммутатор деп атайды. Коммутатор концентраторға (хабқа) ұқсайды, одада компьютерлерді қосуға бірнеше порттар болады. Бірақ бұл құрылғылардың пайдалану міндеттері әр түрлі: концентратор бөлінетін бірегейлі ортаны елестетеді, ал коммутатор әр сегментке бір ғана компьютер қосылған, көпірлер арқылы құрастырылған жергілікті желіні эмуляциялайды елестетеді, эскизін, жобасын жасайды.

Сөзімді түйіндей келе айтарым, құрал-жабдықтар арқасында осы аталған желілік технологияларды студенттерге үйретіп, оқыту жеңіл болып отыр. Колледж бітіруші түлектерінің құзыреттілігі жоғары дайын маман иесі болып шығады. Біз болашақта бәсекеге қабілетті маман дайындап шығамыз дегенге кәміл сенемін. WorldSkills Kazakhstan «Шеберлікке қадам» атты жарыстың арқасында жаңа желілік технологияларды тәжірибеде пайдалануды және оны оқу үрдісіне енгізуді үйрендім. D-LinkDES коммутаторлары және Cisco маршруттағыштары құрал-жабдықтардың мүмкіндіктері қарастырылды. Ал, егер D-LinkDES коммутаторлары және Cisco маршруттағыштары құрал-жабдықтары колледждеріңізде болмаған жағдайда не істеуге болады? Онда, оның шешімі виртуалды тәжірибелік-зертханасы Cisco Packet Tracer бағдарламасын ұсынамын.

Нұрлан САҚАБАЕВ,
Талдықорған жоғары политехникалық
колледжінің арнайы пәндер оқытушысы,
Алматы облысы

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий