Буккроссинг– балаға көркем әдебиет оқытудың тиімді тәсілі

Алматы қаласы Алатау ауданы
№152 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жакаева Гульмира Ахметкаримовна

Баланың көркем әдебиет оқымауы болашақ ұрпақ қамын ойлайтын әрбір адамды толғандыратын мәселе деп ойлаймын. Менің ойымша, осы мәселені шешудің бір жолы – буккроссинг әдісі.

Фото bnews.kz

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген. Бұл хобби – адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді. Дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды “буккроссерлер” деп атайды.

«Буккроссингтің» басты мақсаты – үйімізде шаң-тозаң болып, оқылмай жатқан кітаптарға «екінші өмір сыйлау» және оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әртүрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру;кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.

Мен сабақ беретін 6 – сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен «Кітапхана» бөлімін өткенде буккроссинг әдісін қолдану идеясын ұсынды. Оқушыларыммен ақылдаса отырып, біз бұл әдіске сәл өзгеріс енгіздік. Оларға Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» шығармасын оқуға ұсыныс жасадым. Кітап оқу тәжірибесін Аллажар есімді кітапты тез оқитын оқушыдан бастадық. Ол кітапты он күн ішінде оқып бітіріп, Әлихан есімді балаға ұсындым. Осылай кітап оқитын балалар саны бірте – бірте көбейе бастады. Идеяны ұсынған оқушы идеясының жалғасын тапқанына өте қуанышты болды. Жазғы демалысқа көркем әдебиет оқуға тапсырма алған оқушылар келесі оқу жылында жазда оқыған кітаптарын буккроссинг әдісімен бір-біріне оқытқысы келетінін айтып, мені бір қуантып тастады. Кабинетке оқыған кітабын тастап кететін бұрыш жасап қоятын болдық. Осы бастамамыз Қазақстанның барлық мектептерінде қолдау табады деп үміттенемін.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий