Шағын сыныптардағы білім беру

Білім негізі – бастауышта. Алғашқы білімнің іргетасын бастауыш сынып мұғалімдері қалайды. Тәуелсіз еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, қазіргі заман талабына сай интеллектуалды деңгейде білім беріп, тәрбиелеп шығаруда бастауыш сынып мұғалімдері аянбай ізденеді.

Фото cpm.kz

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алып отырған шәкіртер үшін әр сабағын қызықты, әрі тиімді өткізу үшін сабақты ерекше дайындықпен жоспарлап, сабақта инновациялық технологиялардың белсенді оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың сабақ барысында өзін еркін ұстап, өз пікірін дәлелдеп, ойын ашық жеткізу бірлесе оқыту ортасын да ұйымдастырып, әр сабақта ақпараттық коммуникативті технологиясын қолданып, әр сабақты барынша қызықты өткізуге тырысады.

Ауылды жерде бала санының аздығынан шағын жинақталған сыныптар құрастырылған. Әсіресе шағын жинақталған сыныпта сабақ беру, мұғалім үшін көп дайындықты талап етеді. Себебі, 40 минут уақытты екі сыныпқа бөліп, сол уақыт аралығында екі сыныптың да материалын, мақсаттарын оқушыларға игертуге тура келеді. Сабақты жоспарлау барысында екі сынып та жұмыс істеулері, әртүрлі жастағы балалардың бір сыныпта отырып білім алу барысында бір-біріне кедергі болмау жағын, немесе бір сыныпта жұмыс жүргізіп жатқанда екінші сынып көңілден тыс қалып қоймауы, екі сыныпта ауызша тыңдалымның немесе екі сыныпта жазбаша өздік жұмыстың қатар келіп қалмауын мұғалім қатаң қадағалауға ала отырып, уақытты тиімді пайдалануға тырысады. Бұл жерде мұғалімге шеберліқ қажет. Ол үшін мұғалім сабақ кестесін екі сыныпқа да тиімді етіп құрастыру керек. Әрине, осыдан соң жеке толық сыныптардың білім сапасы мен шағын жинақталған сыныптардың білім сапасында айырмашылықтар байқалады. Себебі, толық 40 минут бір сыныпқа жеке арналса оқушылар көптеген ақпараттар алады, ал шағын жинақталған сыныптар ауқымды ақпараттар ала алмайды, тек мақсатқа байланысты негізгі ақпараттарды қабылдап үлгереді. Осындай сыныптармен көбінесе қосымша жұмыстар жүргізіліп отырылады.

Қазіргі жаңартылған бағдарламаның шағын жинақталған сыныптар үшін тиімдісі ол – спиральды оқыту болып табылады. Өйткені, бөлім бойынша әр сыныптың тақырыптары бірдей болып келеді, тек әр сыныптың тақырыбы оқушылардың деңгейіне қарап жеңілден күрделіге қарай өсіп отырады. Егер де күрделі мақсаттар болатын болса, мұғалімге бір сыныпқа өзіндік жұмысын беріп, келесі сыныпппен көбірек жұмыс жүргізуге тура келеду.

Меніңше, шағын жинақталған сыныптардағы осындай мәселелерге әлі де көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

Асем СЫЗДЫКОВА,
СҚО, Шал ақын ауданы, Семиполка орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий