Өз құндылығын жоғалтпай келе жатқан дәстүрлі шара
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген.
Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Осы орайда дарынды балаларға арналған облыстық №8 лицей-мектебінің ұжымы жүйелі жұмыс атқаруда. Лицей оқушылары түрлі білім додаларында жүлделі орындарды иеленіп, халықаралық білім аренасында көшбасшы болғаны бұған дәлел. Осы жеңістер Елбасының Қазақстан болашағы білімді жастар қолында екенін атап айтып, 2019 жылды жастар жылы деп жариялап, жастарға сенім артса, ұстаздар оқушыларды ғылым жолына жетелеп, бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуінің нәтижесі.
Осындай жетістікке жеткен педагогтардың өз тәжірибесімен бөлісуге зор мүмкіндік беретін алаңы- Тамыз кеңесі. Бұл мұғалімдердің облыстық жаңалықтармен танысу, тәжірибе бөлісу, ғылым әлемінің жаңашыл, тың ойларымен алмасу алаңы болып табылады. Ол мұғалімдерді ортақ мақсатқа жетуге итермелейтін, жылдар бойы өз құндылығын жоғалтпай келе жатқан бірден бір маңызды дәстүрлі шара.
Гаухар Бабыкова,
дарынды балаларға арналған
облыстық №8 лицей-мектебінің директоры,
Павлодар қаласы
Загрузка...