“Білімді ел – Образованная страна” апталығының бір жылдық жазылымын С.Әлжіков атындағы орта мектебіне сыйлаймын, – дейді қызылордалық жас педагог Бауыржан ДИЛЬМАНОВ

“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Жетілбекқызы Кабдыкаримованың “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!” әлеуметтік жобасының эстафетасын қабылдай отырып, “Білімді ел – Образованная страна” апталығының бір жылдық жазылымын Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылында орналасқан №144 С.Әлжіков атындағы орта мектебіне сыйлаймын.

Сақтапберген Әлжіков атындағы мектептің әрбір мұғалімі менің ұстазым десем де болады. 2000 жылы алғаш еңбек жолын бастаған мектеп ұжымы менің мұғалім, тұлға ретінде қалыптасуыма зор ықпал етті. Жас маман ретінде педагогиканың қыр-сырын, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» құндылықтарын осы ұжымнан үйрендім. Ұжымға гүл сыйлағанша, кәсіби әлеуетін дамытатын, жаңа инновациялардан хабардар болып отыру үшін “Білімді ел – Образованная страна” газетінің мектеп кітапханасында тұрғаны дұрыс деп есептеймін. Жұмакүл Әбдіманапқызы бастаған мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен, келе жатқан ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өзімнің эстафетамды әріптестерім Дүзелханқызы Жайнагүл Жансугироваға және Абдраманова Қызжібек Сатыбалдықызына жолдаймын!

Бауыржан ДИЛЬМАНОВ,
“НЗМ” ДББҰ Педагогикалық шеберлік
орталығының Қызылорда қаласындағы
үйретуші маманы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий