Газет жазылымын жас мамандарға сыйлаймыз, – дейді ақтөбелік ұстаз Бибіхатша КУНЕРБАЕВА

Ұстаздар мерекесі қарсаңында «Білімді ел – Образованная страна» апталығында ұйымдастырылған «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» республикалық деңгейдегі әлеуметтік жаңа жобаға ұжым жетекшісі Ақгүл Мырзабекқызының бастамасымен барлық педагогтер белсенді қолдау білдіруде.

Тағылымды тарихы бар іргелі мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мүшелері жас мамандарға бағалы сыйлық ретінде ұстаздар газеттің бір жылдық жазылымын тарту етуді ұйғардық. Себебі бұл басылымының әрбір саны жастар үшін құнды мәліметтердің жинағы болғандықтан, олардың кемел ұстаз болып қалыптасуына жол сілтейді. Жаңаша бағдарлама бойынша бағыт бағдар беретіні тағы бар. Кез келген кәсіптің иесі ең алдымен мүғалімнен тағылым үйреніп, өмірден өз орнын табады. Демек ұстаз есімі қашанда қадірлі де қасиетті ұғым. Әрбір тәлімгердің алға қойған басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сапалы білім мен саналы тәрбие құндылықтарын дарыту. 

Тәуелсіз елімізді ілгері дамытатын – бүгінгі жеткіншек шәкірттер. Біздің білім шаңырағы жалғаған игі істі республикамыздың барлық мектептері және ұстаздар қауымы және басқа да кәсіби қызметкерлердің қуана қолдайтындығына кәміл сенеміз. Алда ұстаздардың төл мерекесі.

Барша әріптестерімізді қуанышты күнмен шын жүректен құттықтап, отбастарына амандық және еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!

Бибіхатша Өтепбергенқызы КУНЕРБАЕВА,
Новый орта мектеп-лицейіндегі қазақ тілі
мен әдебиеті пәні бірлестігі атынан, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Газет жазылымын жас мамандарға сыйлаймыз, – дейді ақтөбелік ұстаз Бибіхатша КУНЕРБАЕВА

  1. Әріптесім Бибіхатшаның бастамасы барлық ұстаздарға үлгі болсын! “Білім негізі- ізденісте” демекші, басылымның әр мұғалімге берер көмегі ұшан-теңіз.

Добавить комментарий