Төл газетіміздің тұрақты оқырманымын, – дейді әлеуметтік жобаға қолдау білдірген ақтөбелік ұстаз Назира МҰНАЙТБАСОВА

Ұрпақ тәрбиесі мен білім саласындағы жаңалықтарына қоса еліміздің елеулі оқиғаларын және рухани-танымдық мақалаларды “Бiлiмдi ел – Образованная страна” республикалық газеті арқылы қолыңа ұстап, қағаздан оқығанның орны бөлек.

Мен ұлағатты ұстаздарға арналған төл газетіміздің мыңдаған тұрақты оқырмандарының бірімін. «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!» аталатын республикалық деңгейдегі жаңа әлеуметтік жобаны мектебіміздің директоры, білікті басшы Ақгүл Кисикова қуана мақұлдап, эстафетаны жалғастыру қажеттілігін ұжым мүшелерімен ақылдасқан болатын. Осы кеңес барысында мұғалімдер тарапынан бағалы бастаманы ілгері жылжытуға бағытталған түрлі ойлар айтылып, ұтымды ұсыныстар қабылданды. Жеке өзім қазақстандық білім көшін алға жетелеуде сүбелі үлес қосып келе жатқан әріптестеріме ұстаздар мейрамы қарсаңында мерекелік сый ретінде “Бiлiмдi ел – Образованная страна” апталығының бір жылдық жазылымына төлем жасап, түбіртегін кітапханға табыс еткім келеді.

Новый орта мектебі жаңа ғасырдың ұрпағын тәрбиелеуде талмай еңбек етіп келе жатқан кәсіби білікті мамандардың басын біріктірген ұйымшыл ұжым. Әріптестерімді рухы таза, ой-өрісі биік, ұлағатты жандар ретінде қажырлы қызметтерін жоғары бағалаймын. Олардың шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тағылымды тәрбиеге баулуда, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт пен бағдар берудегі еңбектері зор. Сондықтан әрбір ұстаз өзіндік ерекшелігі бар дара тұлға ретінде бағаланады. Жаңашылдықтың бастаушысы, өз ісінің шебері, шәкірттерін шыңға жетелеген білікті басшы, ұжым мақтанышы, тәжірибелі ұстаз Ақгүл Мырзабекқызының мектеп ұжымын биік белестерге бастаған ілкімді ізденісі нақты нәтижелерге қол жеткізуде.

Мұғалім мамандықтың төресі дей келе, барша қазақстандық ұстаздарды алдағы төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Тәлімгердің өнгегелі өмірі жастарға жарқын үлгі. Сондықтан бала қиялын самғатып, асқақ арманының орындалуына  зор ықпал жасайтын парасатты педагогтердің бәсекеге қабілетті және елжанды ұрпаққа білім берудегі қиын да қызығы мол кәсіптеріне жемісті жетістіктер тілеймін!

“Бiлiмдi ел – Образованная страна” республикалық апталығының редакциясына қоғамдық пікірді сараптай жазатын қаламгерлік қызметтеріңізге шығармашылық табыс тілеп, мерейлі мәртебелеріңіз арта берсін демекпін. Барша қазақстандық ұстаздарды төл газетімізге жазылуға және әлеуметтік жаңа жобаны қолдауға шақырамын!

Назира Мінайдарқызы МҰНАЙТБАСОВА,
Новый орта мектеп-лицейінің тарих пәні
мұғалімі, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий