“Әке мен бала қарым-қатынасы. Зат есімнің жіктелу”. Ашық сабақ жоспары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КМҚК «БИЗНЕС ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ» -нің
ОҚЫТУШЫСЫ ЖИЕНБАЕВА А. С.
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Әке мен бала қарым-қатынасы. Зат есімнің жіктелуі
Пәні: Қазақ тілі
Топ: 11 ТУРИЗМр
Сабақтың типі: Біліктілік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы туралы білімдерін жетілдіру. Студенттердің тақырып бойынша меңгерген білім деңгейін анықтау. Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге дағдыландыру, тіл, сөйлеу тілін жетілдіруге, сөйлеу машықтарын, сөздік қорларын дамыту.
Дамытушылық:
Студенттерді ауызша сөйлеуде және жазбаша өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуге үйрету, ой өрісін дамыту. Мәтінді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге дағдыландыру. Студенттерді жинақылыққа, бірізділікке тәрбиелеу.
Студенттердің әдеби білімін қалыптастыра отырып, ойын арқылы ойлау, еске сақтау қабілетін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Әдеби ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап, сұрақтарға қорытынды жасай білуге, сөйлеу мәдениетін жетілдірyге, білімді, жан – жақты болуға, ұжымда жұмыс істеуге үйрету.
Студенттердің шығармашылық, іскерлік, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Қазақ тіліне деген құрметін арттырып, іскерлікке тәрбиелеу. Студенттерді ізденуге, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өзіне-өзі сенімді болуға және топта ынтымақтастықпен жұмыс істеуге баулу.
Пән аралық байланыстар: әдебиет, орыс тілі, халық педагогикасы, тарих.
Құзыреттілігі:
Сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін орынды қолдана білу, мемлекеттік тілге деген құштарлықтарын ояту, игерген білімдерін болашақта қолдана білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:
Компьютер, слайд, мультимедиялық тақта, тірек сызбалар, үлестірме материалдар.
Сабақ оқытуда қолданылатын ұйымдастыру әдістері, технологиялар:
*Ақпараттық коммуникациялық технология
*Ойын технологиясының элементтері
*Рефлексия.
Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі: Шың Қазақ тілі 227 бет, Ғаламтор желісі. Ұстаз kz.
Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу.
2.Студенттерді түгендеу.
3. Студенттерді топтарға бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеу
1. Сұрақ-жауап. «Қонақ күту» мәтіні бойынша сұрақтар қою.
2.Таратпа материалдар арқылы зат есімнің септік жалғауларын дұрыс қолдануын тексеру «Кім тапқыр?» ойыны.
3. Шығармашылық жұмыс. Қонақ күту жайлы көрініс.
4. Мәтінмен жұмыс.
5. Өткен сабақты қорытындылау. Зат есімнің септелуі
6. Студенттердің білімін бағалау.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту
1. Сабақ тақырыбына мотивация және актуалдау «Ой қозғау».
2. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
3. Тақырып бойынша мағлұмат беру, слайд көрсету арқылы ережені түсіндіру.
4. «Әке мен бала қарым-қатынасы» мәтінімен жұмыс. «Кім жылдам?» ойыны.
5. Мәтіннен нақыл сөздерді табу, аудару.
6. Сергіту сәті «Көңілді күн».
7. Студенттердің білімін бағалау.
ІV.Сабақты бекіту
1. Әр түрлі мазмұндағы әңгімелер мәтіндерін тарату. Шығармашылық жұмыс. Көрініс.
2. Топтық жұмыс. Әке мен бала қарым-қатынасы қандай болу керек? «Фишбоун әдісі» (балық қанқасы).
3. «Терме диктант жазу». Зат есімнің жіктік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.
4.Тест орындау. Жаңа тақырып қамтылған шағын тест жұмысы.
5. Студенттердің білімін бағалау.
V. Сабақты қорытындылау
Рефлексия. Кері-байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
VІ. Студенттердің жалпы білімдерін бағалау
VІІ. Үй тапсырмасын беру .
Түсіндіру жолымен үй тапсырмасын беру. Ережені жаттау. Жаңа сөздерді жаттау. Отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы мәтінді оқу. Жіктік жалғаулы зат есімдерге он мысал жазып келу. Өзіңнің отбасыңдағы әкенің ролі қандай? (шағын ой толғау жазу) (үздік оқитын студенттерге әке туралы өлең жазу).
Загрузка...