Ұстаздарды қуанышқа бөлеуге асығайық…

Мен – Майра Тұрғанбайқызы. Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы ретінде ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып жатқан “Фейсбуктен сәлем!” акциясын қолдай отырып, білім алған қасиетті шаңырағым Жаңақорған ауданындағы №169 мектеп ұжымына, ұстаздарыма шынайы алғыс білдіремін, – деп жазады Сыр өңірінің Бас педагогы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Туған ауылдан түлеп ұшып, ұстаздық жолды таңдап, маман атануыма алғашқы ұстаздарымның ықпалы зор. Тәлім мен тәрбиені қатар беріп, ізгілік пен мейірімділікті бойға сіңірген асыл ұстаздарымыз қашанда құрметке лайық. Қазақтың қайратты азаматы Бауыржан Момышұлының «Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» дегені ұстазға деген айрықша ықыласты аңғартса керек. Қызмет сатысын ұстаздық жолдан бастаған менің өмірлік жолымда қасиетті шаңырақ №169 мектептің алар орны бөлек.

Қимас кезең, ұмытылмас шақ сыйлаған ардақты ұстаздарымды келіп жеткен мерекемен құттықтаймын! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы адал еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Құрметті әріптестер, ұстаздар, оқушылар! Мерейлі мерекеде өз ұстаздарыңызға құрмет көрсетіп, тілектеріңізді арнаңыздар! “Білімді ел – Образованная страна” республикалық газеті арқылы ұстазыңызға сый жасап, қуанышқа бөлеңіз. Басқарманың бастамасымен қолға алынған “Фейсбуктен сәлем” акциясына қатысыңыз. Ұстазыңызға деген алғысыңыз бен зор махабаттыңызды білдіруге асығыңыз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий