“Білімді ел – Образованная страна” республикалық газетінің 2020 жылға жазылым түбіртегін Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы №169 мектеп ұжымына табыстаймын

Мен – Майра Тұрғанбайқызы. Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы ретінде ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып жатқан «Фейсбуктен сәлем!» акциясын қолдай отырып, білім алған қасиетті шаңырағым Жаңақорған ауданындағы №169 мектеп ұжымына, ұстаздарыма шынайы алғыс білдіремін.

Туған ауылдан түлеп ұшып, ұстаздық жолды таңдап, маман атануыма алғашқы ұстаздарымның ықпалы зор. Тәлім мен тәрбиені қатар беріп, ізгілік пен мейірімділікті бойға сіңірген асыл ұстаздарымыз қашанда құрметке лайық. Қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлының «Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» дегені ұстазға деген айрықша ықыласты аңғартса керек. Қызмет сатысын ұстаздық жолдан бастаған менің өмірлік жолымда қасиетті шаңырақ №169 мектептің алар орны бөлек.

Қимас кезең, ұмытылмас шақ сыйлаған ардақты ұстаздарымды келіп жеткен мерекемен құттықтаймын. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы адал еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Әрине, әрбіріміздің ұстазымыз бар. Менің педагог болуыма, менің өмірлік мақсаттарымды айқындауға үлесін қосқан ұстаздарым көп. Атап айтқанда, математика пәнінен Ханзада Жакипова, Биғатша Асанова, физика пәнінен Құралай Бәйтенова, Ольга Шин сынды ұстаздарыма алғыс білдіремін. Шәкірті үшін аянбай еңбек еткен өз ұстаздарыма қажымас қайрат, зор денсаулық тілеймін! Ұстаз шәкіртімен мақтанады демекші, әрбіріміздің түрлі салада жетістікке жетіп, өз мамандығымыздың шыңына жетуі осы ұстаздарымыздың арқасы. Сондықтан әріптестерімді мерейлі мерекеде республикалық деңгейде қанат қағып, жан-жақты қолдау тапқан «Ұлағатты ұстаздарға, ыстық ықыласпен!» әлеуметтік жобасы арқылы өз мұғалімдеріңізді құттықтап, бақыт сыйлаңыз демекпін.

Мен өз құрметімді, ізгі тілегімді білдіре отырып, “Білімді ел – Образованная страна” республикалық газетінің жазылым түбіртегін өзімнің қасиетті білім ордам Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы №169 мектеп ұжымына табыстаймын.

Ал, барша ардагер ұстаздарды, әріптестерімді, жас педагогтарды келіп жеткен мерейлі мерекемен құттықтаймын. Мақтан тұтар шәкірттеріңіз көп, алар асуларыңыз биік болсын!

Ізгі ниетпен – Майра МЕЛДЕБЕКОВА,
Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий