Әлеуметтік жоба: Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!” бастамасына қолдау білдірді

“Білімді ел – Образованная страна” республикалық газетінің оқырмандары тарапынан жарияланған “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!” әлеуметтік жобасын ілгерілету эстафетасын ұсынған Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Сүлейменова Гүлназ Төрәліқызының үндеуін қабыл алған аймақтың Бас педагогы Оразбаева Ләззат Аманжолқызы инстаграм әлеуметтік парақшасындағы бейне жолдауында “Білімді ел – Образованная страна” апталығының 2020 жылға арналған бір жылдық жазылымын өзінің сүйікті ұстаздары РАЙЫМБЕРГЕНОВА Қатима мен ЕСЕНАЛИНА Айман апайларына сыйлайтындығын жариялады.

 

– Құрметті ұстаздар Сіздерді төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын, қиындығы мен қызығы мол ұстаздық жолда Сіздерге зор денсаулық, отбасларыңызға аманшылық, қызметтеріңізгі сәттілік тілеймін! Ұстаз мамандығы мамандықтардың ең төресі. Ұстаздан тек білім алмайсың, тәлім тәрбие сіңіресің. Үлкен өмірде биік белестерді бағындырып, жақсы жетістіктерге жетуім сол ұстаздарымның тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сондықтан Қатима және Айман апайларыма Ұстаздар күніне орай ізгі лебізімді білдіріп, республикалық апталықтың бір жылдық жазылымын сүйікті ұстаздарыма сыйлық ретінде ұсынамын, – делінген бейне жолдауда. 

Және барша ұстаздар қауымын төл мерекемен шын жүректен құттықтап, парасатты педагогтарға құрмет көрсетуге бағытталған әлеуметтік сипаттағы бұл ізгі қадамның көкжиегін кеңейтуге үндеді.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ақтөбе облысы білім басқармасы (@bilim_akimat)

Қатима РАЙЫМБЕРГЕНОВА – 1932 жылғы сәуір айының 17-сі күні Ақтөбе облысының Буденный ұжымдық шаруашылығында дүниеге келген. 1952 жылы сегіз жылдық мектепті бітірген соң педагогикалық училищеге түсіп, үш жылдан кейін мұғалім мамандығы бойынша дипломға ие болды. 1957-1962 жылдары алғашқы еңбек жолын кітапханашылықтан бастаған ол 1963-1991 жылдар аралығында № 6 мектепте бастауыш сыныптың ұстазы қызметінде әріптестеріне етене танылды. Еңбегінің жемісі нәтижесіне абыройға бөленіп, биік белестерді бағындыра білді. 1981 жылы Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісімен марапатталып, бесжылдықтың жеңімпазы атанғанын айрықша атап айтқан абзал. Есімі құрмет кітабына жазылған. 

1991 жылдан бері құрметті еңбек демалысындағы, ардақты ардагерлердің сапында. Қатима ұстаздың жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше ықыласын байқаған ата-аналардың көбі ұл-қыздарын осы мұғалім жетекшілік жасайтын сыныпқа беруге таласатын жағдайлар көп болғаны туралы аңызға бергісіз әсерлі әңгімені көп тыңдауға болады. Аяулы апайдың өз перзенттерінің барлығы да қызмет атқарған мектептің түлектері. Олардың арасында педагогикалық жолды жалғастырып жүрген республикамызға танымал тұлғалар бар. Демек жайсаң жанның жанұясын ұлағатты ұстаздардың династиясы ретінде айрықша атап, өнегелі өмірін үздік үлгі тұтуға әбден лайық.

ЕСЕНАЛИНА Айман – 1949 жылғы қаңтар айының 18-і күні Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келген. Сегіз жылдық мектепті аяқтап, Қызылорда педагогикалық училищесіне оқуға түскен соң бұл арнаулы оқу орнын 1964 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Және дипломды жас маман алғашқы еңбек жолын Шалқар ауданындағы Аяққұм орта мектебінде бастап, ұстаздықтың қыры мен сырың терең меңгерген тәжірибесі мол тәлімгер ретінде етене танылды.

Ұлағатты ұстаз әрі майталман маман Шалқар қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінде педагогикалық қызметін одан әрі жалғастырып, құрметті еңбек демалысына шыққанға дейінгі уақытта Тоғыз орта мектебінің бастауыш сынып оқытушысы ретінде еліміздің білім саласын ілгері дамытуға зор үлесін қосты. Айман апайдың сыныбына қабылданып, қолына қалам ұстаған талай шәкірттері ұстазынан үйренген білім білігі мен сіңірген тағылымды тәрбиесін жетілдіру арқылы сан-салалы кәсіпте табысты қызмет атқарып жүр. Ұлттық білім саласына сіңірген ерен еңбегі кезінде аудан мен облыс және республика басшылығы тарапынан лайықты бағаланып, Қазақ ССР халық ағарту озық қызметкері белгісімен және түрлі Құрмет грамоталарына қоса Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталғаны мерейін көтерген мәртебе болганы даусыз.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий