“Өрлеу” – СҚО: COWORKING ОРТАЛЫҒЫ ұстаздарға газет жазылымын сыйлады

Солтүстікқазақстандық “Өрлеу” филиалында Халықаралық Ұстаздар күні қарсаңында COWORKING орталығының салтанатты ашылуы мен тұсаукесерін өткізді, ол қазіргі уақытта бүкіл әлем үшін өзекті болып табылады, – деп хабарлайды аймақтық құрылымның баспасөз қызметі. 

Біз COWORKING орталығын қарым-қатынас, тақырыптық іс-шаралар, кездесу, кәсіби тәжірибе алмасу үшін семинарлар мен тренингтер өткізудің «динамикалық орны» ретінде қарастырамыз. COWORKING орталығы жұмыс ағымын ұйымдастырудың заманауи жүйесі ретінде жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыруға, жаңа бизнес идеялар мен жаңа кадрларды тартуға, филиал қызметкерлерінің де, үздіксіз білім беру курстарының тыңдаушыларының да жеке өсуіне ықпал етеді.

Аталған іс-шара барысында филиал қызметкерлері Мұғалімдер күніне орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алғыс хаттар және Грамоталармен марапатталды. “Білімді ел – Образованная страна” республикалық газетінде жарияланып республикалық деңгейде кеңінен қанат жайған “Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен!” әлеуметтік жобасын қолдау мақсатында облыс көлеміндегі шағын жинақты мектептердің бес ауылдық педагогтарына «Білімді ел – Образованная страна» республикалық апталығының 2020 жылға бір жылдық жазылымы тарту етілді.

 

Олар: Безносенко Татьяна Викторовна – Колосовка НОМ биология мұғалімі, М.Жумабаев ауданы; Киргизова Александра Владимировна – Рудненская ОМ бастауыш сынып мұғалімі, Айыртау ауданы; Турлыбаева Раиса Павловна – Пресноредут НОМ бастауыш сынып мұғалімі, Жамбыл ауданы; Мустафина Жанар Калиаскаровна – Горновская НМ биология мұғалімі, Есіл ауданы; Квасова Людмила Викторовна – Сивково ОМ химия және биология мұғалімі, Қызылжар ауданы.

Филиал директоры А. Мурзалинова мұғалімдерге еліміздің білім беру саласын халықаралық деңгейге көтеруге бағытталған жаңартылған мазмұнға оқытып, тәрбиелеу ісіне елеулі үлес қоса отырып, көздеген мақсаттарға қол жеткізу жолында қыжырлы қызмет атқарған ұстаздар қауымына алғысын білдірді.

Мінбеге көтеріліп, сөз алған педагогтер салалық “Білімді ел – Образованная страна” республикалық қоғамдық – саяси газетінің актуалды ақпарат және әдістемелік көмек алудағы құндылығын айрықша атап айтып, тәжірибе алмасудың ашық алаңы ретінде бұл бұқаралық ақпарат құралының тиіміділігін дұрыс пайдалану қажеттілігіне тоқталды.   №8 эстетикалық тәрбие орта өнер мектеп-кешені оқушыларының шығармашылық ізденістері мен өнер колледжінде оқитын скрипкашылар тобының музыкалық қойылымы мерекелік шараға қатысушыларды көтеріңкі көңіл күйге бөлеп, барша жиналғандарға риясыз қуаныш сыйлады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий